Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мау 17

Үй алу мәселесі: тікелей эфир

2020 жылдың 16 маусымында әлеуметтік желіде Абай атындағы кітапхананың semeybib Инстаграмм парақшасында Тұрғын үй жинақ банкісінің қаржы кеңесшісі Мұсабеков Серік Талғатұлымен тікелей эфир болып өтті. Бүгінде кез-келген адам үшін үй алу мәселесі ең өзекті тақырып деп айтсақ артық болмас. Сондықтан да аталмыш мәселе жөнінде әралуан сұрақтар кітапхана қонағына қойылды. Атап айтқанда, әлеуметтік желі қолданушылары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдерімен жете хабардар бола отырып, жалғыз басты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған өнімдер желісіне ерекше назар аударды. Тұрғын үй жинақ банкісінің қаржы кеңесшісі С.Т.Мұсабеков балалар тұрғын үй жинақ ақшасын жинақтау, әскери қызметкерлердің осы банк арқылы үй алуға қолжетімділіктері және тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге несие беру сынды сұрақтарға жан-жақты жауап бере отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына көптеген өзгерістер енгізілгендігі жөнінде және алдағы уақытта «5-10-20» деген бағдарлама қаралып жатқандығы жайында тың ақпарат жеткізді. Әсіресе тікелей эфирге қатысушылар «Отбасы пакетіне» жинақтау тақырыбына аса қызығушылық танытып, өз сауалдарын жолдап жатты. Сонымен қатар, мемлекеттік сыйақы және есептік көрсеткіш сияқты ұғымдармен танысты. Аталмыш банктің барлық бағдарламалар үшін жинақтау шарттары, пайыздық мөлшерлемелер мен жеңілдіктері туралы хабардар болды. Сұхбат барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің халыққа «қашықтықтан қызмет көрсету» тақырыбы да қозғалды.