Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Шіл 01

Сирек басылымдардағы Абай: тікелей эфир

ШҚО Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Сирек басылымдардағы Абай» тақырыбында @semeybib инстаграм парақшасында тікелей эфир өткізді. Тікелей эфирге сирек қор бөлімінің жетекшісі Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы қатысты.

Сұхбат барысында Батыс-Сібір Орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімшесінің және Семей облыстық статистикалық комитетінің басылымдары, сондай-ақ Батыс ойшылдары мен философтарының еңбектерімен, орыс және еуропалық классиктері Л. Толстой, А. Пушкин, И. Крылов, М. Лермонтов, У. Шекспир, Ф. Шиллердің, И. Гете, Дж.Байрон, Г.Андерсен  және басқа да Абай Құнанбаев оқыған және таным сатысына айналған авторлардың шығармалары жайында айтылды.

Тікелей эфир барысында Кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған Абайдың қайраткерлік қызметін танытатын 1897 және 1900 жылғы «Памятная книжкалары», «Бастауыш білім беру қоғамының 1893/94 жылдарғы жұмыс есебі», «Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс-Сібір Бөлімінің Семей бөлімшесінің жариялаған «Запискиінің…» 1907 жылғы 3-саныннда жарық көрген Әлихан Бөкейхановтың  «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мақаласы, «Семипалатинские Областные ведомости» газеті, Николай Коншиннің «Что могут дать Семипалатинские архивы для краеведения» мақаласы және “Сельско-хозяйственный Обзоръ Семипалатинской области за 1914 годъ” атты статистикалық ғылыми зерттеу еңбек жайында құнды мағлұматтар берді.