Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Шіл 27

Жастықтың оты жалындап: прямой эфир

2020 жылдың 22-ші шілдесінде ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының инстаграм парақшасының тікелей эфирінде Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Божан Медет Ерсінұлымен онлайн сұхбат ұйымдастырылды. Көптеген республикалық, аймақтық жыр бәйгелерінің жүлдегері, «Жастар жылы» қарсаңында жарық көрген «Абай әлемі» басылымындағы «Жастықтың оты жалындап» жинағында жасындай жырлары жарық көрген ақынмен кездесу барысында шайырдың шығармашылығы тақырыбында әңгіме өрбіді.

Желідегі байланыста Медет Ерсінұлы ақын ойының ұшқырлығын талқылай отырып, тарихтан тағылым тартып, қоғамның кемшіл тұстарын тілге тиек етті. Артынша шабыты шалқардай жас ақын, өз өлеңдерін оқып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.

Тікелей эфирдің алға қойған мақсаты ақындық өнерді жанына серік еткен жас буынды бүгінгі қоғамға насихаттап, ақын – деген аттың қай заманда да ел ішінде ардалы ат екенін эфир арқылы оқырман жүрегіне жеткізу.

Кеш соңында Медет Ерсінұлы кітапхана оқырмандарымен, өзі қызмет ететін Абай кітапханасы ұжымына алғысын білдіріп, ақ тілегін жаудырды.