Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Шіл 30

Ұлы Абай бейнесі театр өнерінде: тікелей эфир

28 шілде күні Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Ұлы Абай бейнесі театр өнерінде» деген тақырып төңірегінде Facebook әлеуметтік желісінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының актеры, әнші, ҚР-ның Мәдениет қайраткері  Сыдықов Мырзаханмен тікелей эфир өткізді.

Шара барысында актер мерейтой қарсаңында театрда ұйымдастырылып жатқан ауқымды мәдени шаралар, Абай спектакльдері жайында және сол спектакльге қатысатын актерлар, режиссерлар жайында да сөз қозғады. Сонымен бірге әр жылдары Абай рөлін сомдаған Бекен Имаханов сынды ардагер актерлардың шығармашылығына тоқтала кетіп, қазіргі жас буын актерлардың жұмыстарына да ризашылдығын білдіріп отырды. Мырзахан аға тыңдармандардың сұрауымен спектакльдерден арияларды орындап, көрермендердің қошеметіне бөленіп, қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап берді.

Кітапхана тарапынан әнші, актер Мырзахан Сыдықовқа ризашылдығымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.