Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Там 13

Абайдың адал досы – Көкбай ақын: тікелей эфир

2020 жылдың 13 тамыз күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының Facebook желісінің тікелей эфирінде Шәкәрім университеті Абай институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әубәкір Жандос Мағазбекұлымен «Абайдың адал досы – Көкбай ақын» тақырыбында дәріс өткізді.
Сөзінің басын биылғы жыл қазақ үшін ерекше жыл екенін айтып бастап, бірақ осынау ұлы ақынға арналған мерекелі жылдың өз деңгейінде тойланбай жатқаны іргемізді жаулаған індеттің кесірі екенін де ескерте кетті. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан шама келгенше Абайдың аты ардақталуына, мерей тойына тамшыдай болсын үлес қосуға қай уақытта болмасын дайын екенін жеткізді.
Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған Абайдың сүйікті шәкірті, сенімді досы, жақын туысы – Көкбай ақын жайлы болатынын айтып дәрісінің кейіпкерімен таныстырды. Көптеген зерттеулер мен Көкбай ақынның өз естеліктеріненде Абайға өте жақын, сенімді серігі болғанын біле аламыз дейді.
Кеңес үкіметі тұсында Мұхтар Әуезовтың, Қайым Мұхаметхановтың көптеген зерттеулерімен жазбалары қарсылық тауып, сол қарсылық тудырған адамдарды Көкбай ақын сынға алып, соңы қудалауға дейін ұласып биліктің бұйырғымен сол зерттеулер жарықтан ысырылғанын жеткізді.
Кейін ел тәуелсіздігін алған жылдары сол жазбалар, естеліктер қайта жарық көріп, Көкбай ақын жайында газет беттерінде, ғылыми мақалаларда жазыла бастағанын тілге тиек етті.
Көкбай өз естеліктерінде 1880 жылдан бастап Абай ақын өмірден өткенге дейін жиырма бес жыл мөлшерінде жанында жүрдім деген екен. Ақынның сөзге шеберлігін, керемет тапқырлығын, табан асты суырып-салмалығын Абай жоғары бағалаған. Сол себепті Абай өз өлеңдерін ең алғаш осы Көкбай ақынның атынан жариялап отырған ойымызға салды.
Қазіргі уақытта Көкбай ақынның сол қолжазбалары, басқада ақынға қатысты көзін көрген адамдардың айтқандары, шәкірттері Жақыптың, Жақынның естеліктерінің барлығы Абай музейінде сақтаулы екенін, және біраз жылдар бұрын «Көкбай ақын» деген кітап жарқын көргенін, оған Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхаметхановтан бастап бертінгі ғалымдар мен жазушылардың зерттеулері енгенін, бүгінгі таңда ол кітап ел арасында кең қолданыста жүргенін айтты.