Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Там 21

Психологпен кездесу: тікелей эфир

2020 жылдың 21 тамызында Абай атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм парақшасының тікелей эфирінде психолог, трансформациялық ойындар ұйымдастырушы, психологиялық ғылымдардың кандидаты Жолдыбаева Гүлмира Саматқызымен онлайн кездесу  өткізді.

Эфир барысында психолог маман эмоцияның сыртқа шықпауы, ішкі күйзеліс себеп болатын «психосоматика» түсінігімен таныстырды. Адам ашуланған кезде оны сыртқа шығара алмаса, ол ренішке айналады. Реніш іште сақталып, бір күні оны қандай да бір дертке шалдықтырады, психосоматика ауруларының әсерінен ағза бұзылуға бейім болады, – дейді психолог.

Маманның айтуынша  адамның барлық дене мүшесі мимен тығыз байланысты.  Сондықтан шара барысында Гүлмира Саматқызы  психоматика ауруларынан сақтану үшін  ойды артық проблемалардан тазарту, күйзеліске әсер еткен мәселенің шешімін табу, спортпен шұғылдану, психологиялық кітаптар оқу сынды  бірнеше кеңес берді. Сондай-ақ мұндай ауруға ұшырағандардың көбі күйзеліске ұшыраған, жақынының сүйіспеншілігі мен қолдауын сезбегендер болып шығатынын, психоматика ауруларын дәрімен емдеуге болмайтынын, мұндай жағдайда психолог пен неврологтың көмегіне жүгіне алатынын атап өтті.