Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Там 30

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы және тірегі: тікелей эфир

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні осы мерейлі мерекеге орай Абай атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм парақшасының тікелей эфирінде Ұржар ауданының прокуратурасының іс қағаздар жөніндегі инспекторы Қажығалимов Елдос Жәрдемұлымен арнайы сұхбат өткізді.

Эфир басы Елдос мырзаның барша оқырман қауымын Ата заңымыздың 25 жылдық мерей тойымен құттықтап,алғыс тілегімен басталды. Сұхбат әрмен қарай тарих деректеріне ауысып, Елдос мырза ата заңымыздың 9 тарау және 98 баптан тұратындығы жайлы, Қазақстанда Конституция тұңғыш рет 1924 жылы және кейінірек 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылдандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ арнайы оқырман қауым үшін Елдос Жәрдемұлы Ата заңымыздың толық 9 тарауын, сонымен қатар 98 баптың ең негізгі деген 10 бабымен кең көлемде таныстрып, олардың ішінде тіл мен дінге  байланысты көптеген заң мен баптарды айқындап атап көрсеткен болатын.

Эфирдің соңында қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, ықыласына бөленіп,сүбелі сұхбат ұсынған Елдос мырза барша оқырмандарға алғысын айтудыда ұмыт қалдырған жоқ.