Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Там 26

Жастықтың оты жалындап: тікелей эфир

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 26 тамыз күні  «Жастықтың оты жалындап» атты  тақырыпта белгілі ақын, жерлесіміз Жұлдызай Ысқақпен онлайн тікелей эфир өткізді. Жұлдызай Ысқақ «Мен деп білгейсің» жыр жинағының авторы, бірнеше танымал ән мәтіндерін жазған ақын.

Сұхбат барысында ақын, өлең жолына түсу тарихын айтып, шығармашылық шеберханасымен бөлісті. Қазіргі уақытта оқып жүрген кітаптарымен таныстырып, сүйікті ақындарының есімдерін атады.

Алдағы уақытта поэзиясын насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру жоспарын да айта кетті. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, ақын жан шымырлатар жырларын оқып, ел ризашылығына бөленді.   Сөз соңында кітапхана ұжымына алғыс білдірген ақын, Семейге сағынышын жырмен жеткізіп берді.