Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қыр 11

Абайдың шәкірті – Әріп ақын: тікелей эфир

2020 жылдың 10 қыркүйегінде ШҚО Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының facebook әлеуметтік желісінде  әр аптаның бейсенбі күндері «Абай әлемі» жобасы бойынша өткізілетін кезекті тікелей эфирі өтті. Онда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы «Абайдың шәкірті – Әріп ақын» жайлы дәрісін өткізді.

Бауыржан Амангелдіұлының негізгі көтерген тақырыбы Қоңыр төбелі ақындар, Абай шәкірттері, соның ішінде Әріп Тәңірберген жайлы болды. Тікелей эфирдің басты  мақсаты Абайдың ұстаздық қарекеті қандай? Әріп ақынның шығармалары  XXI ғасыр ұрпағына не бере алады? Сонымен қатар Абай шәкірттерін кейінгі ұрпаққа таныта аламызба деген сұрақтарға жауап табу болды.

Эфир барысында Бауыржан Амангелдіұлы оқырмандарды Әріп Тәңірбергенұлының өмір жолы, еңбек жолынан қысқаша мәлімет беріп, өлеңдерінен мысал келтіре отырып, ақынның еңбектерінің негізгі тақырыбы Абайдың зары, ескі сарың, діншілдік, байларды сынау  екенін ашық түрде жеткізді.

Эфирден қалыс қалтырмай Абай шәкірттерінің еңбектерін зерттеуде үлкен үлес қосқан Сәбит Мұқанов пен Қайым Мұхамедхановтың еңбектерін, зерттеулерін атап өтті.

Сөз соңында «Алаштың ақиығы – Әріп қыран» атты кітапты оқырмандарға ұсынып, ондағы Әріп жайлы естеліктермен бөлісті.