Селфи сүйікті кітабыммен: акция

05.04.17

Абай атындағы кітапхана акпан айының 28-ші жұлдызы мен наурыз айының 28-ші жұлдызы аралығында жасөспірімдерді кітап оқуға тарту мақсатында «Мен оқыдым, саған оқуға кеңес беремін!» атты ұранмен сүйікті кітаптарымен түскен фотосуреттерімен «Селфи сүйікті кітабыммен» атты шараға қатысуға шақыратын акция жарияланған болатын. Акция жайлы мәліметтер Facebook, VK және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Акция аясында жас оқырмандардың қызығуына жауап беретін кітап оқуға, әдеби-көркем, танымдық және көпшілік журналдарды қарауға, аудио – бейне, CD дискілермен танысуға мүмкіндік тудыратын ауқымды бағдарлама ұсынылды. Балалардың ата-аналары да, өздерінің алғашқы оқыған кітаптарын еске ала отырып, сол кітаптарды оқуға шақырды.

Балалар кітабы күніне орай, акцияның қорытындысы шығып, шараға белсене қатысқан жас оқырмандардың сүйікті кітаптарымен түскен суреттері «Селфи сүйікті кітабыммен» атты экспозициялық фотокөрмеге қойылды. Оқырмандар шара барысында суретке түскен кітабы жайлы қысқаша мағлұмат берді. Акция қорытындысында фотокөрмеге келген оқырмандар ұсынылған кітаптарды алып оқуға ниет білдірді.