Ерекше құттықтау

07.04.17

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі сәуірдің 6 күні мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету «Книгоноша» әлеуметтік жобасы аясында, оқырманымыз Ақеркені туған күнімен құттықтап қайтты. Бөлім қызметкерлері шарлармен әшекейленген жеміске толы қоржын сыйлап, жаңадан келіп түскен кітаптармен танысуға мүмкіндік туғызды. Ақерке кітапты көп оқитын оқырмандардың қатарында, кітапханадағы іс-шараларға да белсене қатысып отырады. Ақеркенің жанұясы кітапханашыларды қуанышпен қарсы алып, алғысын білдірді.