Букфейс: флешмоб

07.04.17

6 сәуір күні Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі бүкіләлемдік қағаз кітаптарды қорғауға бағытталған «Букфейс» флешмобына қосылды. Флешмобқа қосылу барысында пайдаланушылардың назарын кітапқа аудара отырып, кітапханашылар сан қилы, қызықты фотосуреттер жасақтады. Түсірілімге бөлім қорындағы адамның бет суреті бар кітаптар іріктеп алынып, қатысушылар түрлі кітап, журнал мұқабасындағы суретпен келістіріліп суретке түсірілді. Фотосуреттер әлеуметтік желілерге хэштег #букфейс, #bookfacefriday арқылы жіберілді.