Интернет негізі және желіде сөйлесу: тренинг

11.04.17

2017 жылдың 4-10 сәуір аралығында зейнеткерлер үшін «Интернет және электронды пошта» оқыту тренингі өтті. Тренинг өзінің білімдерін дамытуға ынталы адамдарға қысқа мерзімді оқытулар ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету болып табылады. Оқу барысында қатысушы зейнеткерлер Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде сөйлесу, т.б. үйренді. Тренингтің құрылымы – электронды пошта, әлеуметтік желілер және Интернет арқылы іздестіру, сұхбаттасу деген бөлімдерден тұрады. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушылардың көңілінен шығады, өздерінің жаңа өмірлерінде белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Зейнеткерлер компьютерлік сауаттылық алып, Интернет арқылы іздеу, сөйлесуді үйреніп, тренингтен күтілетін нәтижеге жетті.