«Алаш» электронды кітапханасы: виртуалды саяхат

12.04.17

12 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласының №16 жалпы білім беретін орта мектебінде Алаш Орда үкіметінің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Алаш» http://alash.semeylib.kz электронды кітапханасына виртуалды саяхат өткізіп қайтты.

Оқушыларға «Алаш» электронды кітапханасының бөлімдері, алаш  қозғалысы және Алаш Орда ұлттық автономиялы мемлекет құрудағы қазақ зиялалырының ұлт мүддесі, ел тәуелсіздігі жолындағы қайраткерлік қызметі жайында кеңінен айтылып, «Алаш Орда» деректі фильмінен үзінді көрсетілді. «Алаш» мәліметтер қоры бойынша библиографиялық іздеу нәтижелері көрсетілді. Оқушыларға автор, кітаптың атауы, кілт сөздер бойынша іздеу нәтижесі тәжірибе жүзінде көрсетіліп, электронды кітапханадағы басылымдарды қалай онлайн режимде оқуға болатыны көрсетілді.

10 сынып оқушысы Заманбеков Еркебұлан «Алаш» электронды кітапханасының қолжетімділігіне аса қызығушылық танытып, Алаш Орда үкіметінің тарихы туралы өз білімімен бөлісті. Шара соңында балалар «Алаштың асыл мұралары» атты  арнайы кітап көрмесімен танысып, ризашылықтарын білдірді.