Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ поэзиясының аққан жұлдызы: кітап көрмесі

13.04.17

«Бір ел- бір кітап» акциясының 10-шы мерейтойлық акциясы аясында, 2017 жылы жалпыға бірдей оқуға қазақ әдебиеті тарихына белгілі ақын, ХІХ ғасырдың көрнекті тұлғасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Осыған орай, 13 сәуір күні Абай атындағы кітапханада «Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, пайдаланушылар назарына ұсынылды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының тақырыбы – өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы, қазақ жастарының білімге, мәдениетке құштарлығын жырлайды. Осы тақырып оның «Адасқан өмір», «Кедей», «Кім жазықты», «Қамар сұлу» шығармаларында, «Тәліптерге», «Оқып жүрген жастарға», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдерінде көрініс тапқан.

Алмагүл Смағұлованың «Жалындап өткен жас ғұмыр», Ғарифолла Әнестің «Ұлт ақыны – Сұлтанмахмұт Торайғыров», Ж.Шестаеваның «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері» мақалалары мен А.Еспенбетовтың «Сұлтанмахмұт Торайғыров» кітабы, С.Негимовтың, Ө.Әбдиманұлының, Ә.Дербісәлиннің және т.б. ақын туралы жазылған еңбектері көрмені толықтырып, ақын Сұлтанмахмұт өмірі туралы жан – жақты мағлұмат беріп, шығармашылығының мазмұның ашты.