«Алаш» электронды кітапханасы: вертуалды саяхат

13.04.17

13 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің тарих, филология  факультетінің және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері үшін Алашорда Үкіметінің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Алаш» http://alash.semeylib.kz электронды кітапханасына вертуалды саяхат өткізіп қайтты.

Шараға қатысушыларға  Алаштың астанасы болған Семей қаласы,  ұлт мүддесі үшін жан аямай қызмет еткен алаш қайраткерлері, «Алаш» электронды кітапханасының бөлімдері туралы кеңінен таныстырылды. Осы электронды кітапхананы жасауға серіктес болған музейлер, архивтер, авторлар берген құнды деректер көрсетілді. Алаш қайраткерлерінің есімдерімен аталатын мәдени, білім ошақтары көрсетіліп, ресми сайттарына сілтеме жасалды.

«Алаш» электронды кітапханасы арқылы қажетті басылымдарды қалай тауып алуға болатыны көрсетіліп, «Алаш Орда» деректі фильмі көрсетілді. Шараға қазақ филологиясы факультетінің деканы А.Қ.Қабыкенұлы және М. Қозыбаев атындағы тарих және саяси-әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымының кандидаты, профессор  М.Қ Кәрімов, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Т. Смағұлова қатысты. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Т.Қ.Мұқанов кітапхана ұжымына «Алаш» электрондық кітапханасын ұйымдастырғандары үшін ризашылығын білдірді.