«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»: көрме – таныстыру

14.04.17

14 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 15-сәуір «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күніне орай «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» атты көрме – таныстыру ұйымдастырылды.

Шараға қатысушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің екінші курс студенттеріне ғашықтар күніне арналған кітаптар мен мерзімді басылымдардан шолу жүргізілді. Шолу барысында ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған әдемілік, ақылдылық, парасаттылық, сүйіспеншілік сезімдер жайында айтылып, махаббат туралы жыр шумақтарынан шәшу шашылды, жастарға ғашық сезім, мөлдір махаббат, берік достық сезімдері жайында сұрақтар қойылып, көрмеге қатысушы жастардың ойы тыңдалды.

Көрмеге «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Бабалар сөзі» (ғашықтық дастандар)» Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», М. Мақатаевтың «Жыр кітабы», «Қазақтың отбасы фольклоры», «Қыз Жібек» кітаптары және «Отбасы», «Денсаулық», «Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» т.б. мерзімді басылымдар беттеріндегі махаббат, сүйіспеншілік, тәрбие жайындағы мақалар қойылды. Көрме сәуір айының соңына дейін жалғасын табады.