Кітапханадағы өлкетану қызметі: дәстүр және инновация: семинар

14.04.17

14 сәуір күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері   Р Байсейітов атындағы Семей қаржы – экономикалық  колледжінде өткен  «Колледж кітапханашыларының ақпараттық кәсіби деңгейін жетілдіру» атты семинарға қатысып, «Кітапханадағы өлкетану: дәстүр және инновация» тақырыбында  баяндама оқыды. Семинарға қатысушылар Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана http://semeylib.kz  сайтындағы  «Өлкетану», «Виртуалды көрмелер» рубрикаларымен таныстырылды. Кітапханашы мамандарға виртуалды көрмелер арқылы іс-шараларды қалай өткізуге болатыны жайында кеңестер берілді.

Таяуда тұсауы кесілген «Алаш»  http://alash.semeylib.kz/ электронды кітапханасы туралы және бұл кітапханадағы басылымдарды қалай іздеп табуға болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді. Педагогикалық колледж кітапханасының кітапхана меңгерушісі Н. Жоламанова Абай атындағы кітапханасында электрондық құжаттарды жеткізу жұмысы өте жақсы жолға қойылғаны жайында айтып, өз алғысын жеткізді.