Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары: танымдық сағат

19.04.17

19 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапханасы Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында көп салалы колледж студенттері мен кітапхана пайдаланушыларына арнап «Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Қатысушыларға Нобель сыйлығының тарихы жайында толық мәлімет берілді. Нобель сыйлықтары – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. Сыйлықтың негізін салушы – швед өнертапқышы әрі кәсіпкері Альфред Нобель. Сыйлыққа А.Нобельдің кескіні бейнеленген алтын медаль, диплом және ақшалай сыйлық беріледі. Әдебиет саласы бойынша берілетін медальда, поэзия музасы Эрато – бейнеленген, қарсы алдында – ақынның мүсіні және төменде латынша «Швед академиясы» деген жазу бар.Нобель сыйлығын марапаттаудан кейінгі болатын – Нобельдік кешкі ас және Нобель концерті туралы тындармандарға ақпарат берілді. Тындаушылар әртүрлі жылдарда әдебиет саласынан Нобель сыйлығын алған ақын-жазушылармен танысты. Әдебиет саласы бойынша, Нобель сыйлығы лауреаты атанғандар: Д. Киплинг (1907), У. Черчилль (1953), Э.Хемингуэй (1954), Б.Пастернак (1958), М.Шолохов (1965), Г.Маркес (1982), И.Бродский (1987), О.Памук (2006), С.Алексеевич (2015), Б.Дилан (2016). Шара барысында слайд-шоу, бейнематериалдар ұсынылып, Д.Киплингтің шығармашылығы бойынша түсірілген «Маугли» фильмінен үзіндіні, жазушы С. Алексеевичтің 2015 жылғы Нобель сыйлығын марапаттау кезіндегі сөзін, 2016 жылғы сыйлыққа ие болған Боб Диланның әнін тыңдап тамашалады.