Заманында бұрынғы одақ көлемінен асып, шет мемлекеттердің сауда айналымындағы экспорт үлгілеріне айналған осы комбинат өнімдері болатын. Іргетасы қаланғанына жетпіс жылдан асқан бұл мекеме өзінің осы ғұмырында сан-қилы оқиғаларды басынан өткерді.
Семей ет-консерві комбинатының маңызы мен рөліне сол кездегі мына цифрлар айғақ: оның қуаты 250 мың ірі қара, 750 мың ұсақ мал өңдеу болатын. Комбинаттың сойыс малын ұстайтын базасы, мал сою, консерв, колбаса-кулинарлық тоңазытқыш, мед препараттар, тех фабрикалар зауыты және 18 қосымша цехы бар. Кейіннен қосымша №2 мед.препараттар зауыты, қосалқы трансформаторлар, консерв қоймасы, тоңазытқыш, тері тұздайтын, қаңылтыр, литоргафия, жұмыртқа ұнтағын жасайтын цехтар салынып, компрессорлық цех кеңейтілді.
Комбинат Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылға 103 мың тоннадан астам ет, 21 мың т.колбаса өнімдерін, 100 млн. шаршы консерв банкасын, 18,3 мың тонна азық концентраттарын жөнелтті.
1984 жылы комбинатта 50,1 мың т. ет пен 1 – категриялы өкпе-бауыр, ішек-қарын, 10,0 мың тонна колбаса өнімдері, 3,3 мың т. жартылай ет фабрикаттары, 5,0 мың тонна құрғақ мал азығы, 65,5 млн. шартты консерв банкасы өндірілді. Сойылатын мал Семей, Павлодар, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Ресейден жеткізілді. Жалпы ет өнімдерін шығару жөнінен одақта 3–ші орында.
Әйтседе, нарықтың қатал заңына төтеп бере алмаған бірқатар мекемелермен бірге жұртшылық санасынан өше бастаған бұл «ет алыбы» қазір қайтадан жанданып келеді.
2000 жылдары Моңғолиядағы Байөлкеде «Ет- Транзит» деп аталатын біріккен кәсіпорын қатарға қосылды. Осы кәсіпорын мұндағы комбинатты айына 700 тонна етпен қамтамасыз етіп отырды.
Семей ет-консерві комбинаты ТМД – да қуаты жағынан үшінші, Қазақстанда – 1 орында, техниканың ең соңғы жабдықтарымен жабдықталған. Комбинат соғыс жылдарында аянбай еңбек етуі арқасында Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1992 жылы шілдеде «Сарыарқа» комбинаты болып қайта құрылды. Акционерлік қоғам болып құрылғанға дейін «Бүкілодақтық старостаның» аты маңдайына жазылып келген бұл комбинат өз өнімдерін 58 жыл бойы Одақтың түкпір-түкпіріне және шет елдерге, Вьетнам мен Кубаға дейін жөнелтіп келді.
1993 жылдары комбинат әр ауысымда 390 тонна ет дайындап, 30 тонна шұжық, 235 мың шартты қалбыр консерві шығарады. Қазірде Австрияның Вена қаласынан әкелінген жаңа қондырғыларымен жұмыс жасап жатқан комбинат Полтава қаласындағы осы сала ұжымымен әріптестік қатынаста жұмыстары артып келеді.
Аққұл М. Мәмет С. Бір үміт, бір күдік // Егемен Қазақстан.- 2000.- 14 маусым.- 2 б.
Алыстан арбалай білгеннің айыбы жоқ // Егемен Қазақстан.- 2000.- 7 маусым.- 1 б.
Әліпбаев Қ. Жарасымды келісім // Семей таңы.- 1993.- 22 сәуір.- 2 б.
Доғалақов А. Ауыл өнімін арттырудың жолдары // Ертіс өңірі . – 2011. – 2 наурыз. – 5 б.
Қожаев Қ. Комбинат жұмысы қарқын ала бастады// Ертіс өңірі .- 2004.- 22 шілде.- 4 б.