g12Петр Филиппович Железняков -180-ші гвардиялық шабуылдаушы авиациялық полктің эскадирилья командирі (1-Украина майданы, 2-әуеармиясы, 2-гвардиялық шабуылдаушы авиациялық корпус, 6-гвардиялық шабуылдаушы авиациалық дивизия), гвардия капитаны. 1918 жылы 7 қарашада Семей қаласында жұмысшы отбасында туған. 1934 жылы жетіжілдық мектепті бітіреді. Еңбек жолын қалалық типографияда жұмысшы болып бастаған. 1939 жылы қаладағы қаржы-экономикалық техникумды бітіреді.

1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, ұшқыштар училищесіне жіберіледі. 1941 жылы шілде айында 1-ші Чкалов (Орынбор) ұшқыштар даярлайтын авиация мектебін бітіреді. 19-әскери ұшқыштар мектебінде ұшқыш-инструктор болып қызмет істейді. 1942 жылы тамыз айында майданға жіберіледі. Майданға  Жеңіске дейін жеткен 299 шы (1943 жылдың тамызынан – 108 ші гвардиялық) шабуылдаушы авиаполктің ұшқышы болып кіреді. Батыс, Оңтүстік Батыс, 1-ші және 3-ші Украина майдандарында шайқасқан. ВКП(б) мүшесі. 1944 жылыдң маусым айынан-эскадирилья командирі. Железняков басшылық еткен эскадирилья соғыс аяқталғанша 400 рет әскери тапсырмамен ұшып,  үш рет шығынға ұшырады. Әскери тапсырманы мүлтіксіз орындағаны үшін эскадирильяның  ұшу-техникалық құрамының 67 жауынгері орден, медалдармен марапатталған.  1945 жылы мамыр айында гвардия капитаны Железняков Ил-2, Ил-10 самолеттерімен 125 рет, оның 101 –інде топ жетекшісі  ретінде ұшты. Шабуыл кезінде жау аэродромындағы 16 самолеттің көзін жойып, 87 автокөлігін , 16 танткті, 5 зенит батареясын, қару-жараққа толы 3 қоймасын отқа ораған, 300 солдатының көзін жойған.

1945 жылғы 27 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен батырлық пен ерліктің орасан зор үлгісін көрсеткені үшін гвардия капитаны Железняков Петр Филиповичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№8681)медалі қоса тапсырылды. Соғыстан кейін армия қатарындағы қызметін жалғастырып, 1945 жылы Жоғарғы  авиациялық офицерлер  мектебін бітірді. 1951 жылы 25 қыркүйекте майор Железняков Волчанск қаласында (Харьков облысы) авиаапатта қаза тапты. Ленин, 3 мәрте Қызыл Ту  (17.06.1943, 18.08.1943,12.06.1945), Александр Невский (30.01.1944),  Қызыл Жұлдыз (07.01.1943)  ордендерімен, медалдармен марапатталған.  Семей қаласындағы қаржы-экономикалық техникум қабырғасына мемориальдық  тақта орнатылған. Техникумда Батыр мұражайы ашылған.

Әдебиеттер:

1.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары:  фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.85

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналғанбиблиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.31-32

3.Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. – Алматы, 1969. – Б.263