w1Ысқақов Қапай 1906 жылы 15 шілдеде Георгиевка селосында шаруа отбасында дүниеге келген ( қазір Қалбатау, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы). Білімі бастауыш. Үй шаруашылығында, совхозда ағаш шебері болып жұмыс істеді.  1940 жылдан Қызыл Армия қатарында. Соғыстың алғашқы күнінен бастап әрекеттегі Армияда. Батыс, Оңтүстік, Сталинград, Воронеж,  2-ші және 1-ші Украина майданында шайқасты. 1941 жылы қорғаныс  ұрыстарына, Сталинградты қорғауға, Украинаның  Солтүстік жағалауын азат етуге, Корсунь-Шевченко шабуылдарына қатысты. Уманск-Ботошан шабуылында ерекше көзге түсті (Днепр-Карпат стратегиялық шабуылы. 1944 ж.) 1944 жылы 28 наурызы күні түнде  Петрешты (қазір Петрешть Унген ауданы, Молдовия) селосы маңында К.Ысқақов  бөлімі батальонның ашық қанатындағы позицияны қорғады. Жауынгерлер жаудың 5 қарсы шабуылын тойтарды, жаудың басып алуына және батальонды ашық қанаттан қоршауға алуына жол бермеді.  Ұрыс барысында Қ.Ысқақов жарақат аласа да,  ұрыс даласын тастап кетпеді. Жауынгерлер  шамамен 40-тан аса жау солдатын жойды.

1944 жылы 13 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткені үшін сержант Ысқақов Қапайға Кеңес Одағының Батыры батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды. Бұдан кейін ол Ясско-Кишинев, Сандомир-Силезия,  Төменгі  Силезия, Берлин және Прага  шабуылдарына қатысқан. Соғыстан кейін әскерден босатылады. Өзі туған ауылында еңбек етіп, өмір сүрді.

1973 жылы 26 қыркүйекте қайтыс болды. Васильковка селосында жерленген (қазір Капай  батыр ауылы, Жарма ауданы Шығыс Қазақстан облысы). Ленин ордені (13.09.1944), медальдармен, соның ішінде «За отвагу» және  «За боевые заслуги» медальдарымен марапатталған. Қалбатау және Қапай батыр селоларындағы көшелер Батыр есімімен аталады.

 

Әдебиеттер:

1.Мырзаханов А. Ерлікке тағзым үлгісі // Семей таңы. – 2015. – 6 қаңтар. – Б.1

2.Өміртайұлы С., Мұхамадиұлы М. Қалбадан шыққан Қапай батыр: (Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры) // Семей таңы.- 1999. – 6-12 мамыр. – Б.3

3.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.74-75

4.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.833

5.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай – қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.103.