n3Николай Евсеевич Лут — 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, бөлімше командирі.

Лут Николай Евсеевич 1918 жылы  Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Митрофановка селосында дүниеге келді.  Ұлы Отан соғысына дейін Жданов атындағы колхозда ат күтуші болып істеді.

Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылып, 1943 жылғы тамыздан майдандағы ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 27 қыркүйегінде Днепр өзенінен өту үшін 218-атқыштар полкініц лейтенанты М.Мегерамов бастаған атқыштар ротасы түнгі сағат бірде өзенге беттеді. Олардың қайықтарын байқап калып, ракетаның жарығымен оқ жаудырды. Жағаға жете бергенде Луттың қайығы жарылған снарядтардан аударылды. Ол жанындағы жауынгерлермен өзеннің арғы бетіне жүзіп өтіп, жау траншеясына автомат және винтовкадан оқ жаудырды. Лут бірінші болып жау траншеясына жетіп, қолма-қол айқас басталды. Немістер оған төтеп бере алмай, кері шегінді. Осы кезде жау әскерін артиллерия снарядпен соққыға алды. Жауған оқтың артынан кеңес жауынгерлері шабуылға шықты. Оқ нөсерінің артынан жауынгерлер атакаға шығып, екінші траншеяны алды. Гвардияшы Николай Лут тағы да алда болды.

Көрсеткен қайсарлығы мен ерлігі үшін Лутқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Николай Евсеевич Лут Жеңіс күніне жете алмады. 1944 жылғы 14 сәуірде ол ерлікпен қаза тапты.

 

Әдебиеттер:

1.Герои Советского Союза – семипалатинцы. – Семипалатинск: Управление архивами Восточно-Казахстанской области, 2004. – Б.36

2.Семипалатинску 285 лет. – Семипалатинский историко-краеведческий музей, 2003. – Б.51

3.Совет Одағының қазақстандық Батырлары. Т.1. – Алматы: Қазақстан, 1969. – Б.469-470

4.Шығысқазақстандықтар Кеңес Одағының Батырлары = Восточноказахстанцы – Герои Советского Союза. – Өскемен: Медиа – Альянс, 2010. – Б.159-160