9гМедведев Михаил Михайлович 1923 жылы Куйбышев облысы Бор ауданнының Коноваловка аулында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болған. 89-ші гвардиялық жеке саперлер батальонының сапері, гвардия ефрейторы Медведев 1943 жылғы қыркүйек айында бір топ жауынгерлермен Днепропетровск облысының Домоткань ауылы тұсында Днепр өзенінен ойдағыдай өткен. 89-ші гвардиялық жеке саперлер батальонының сапері, гвардия ефрейторы Медведев Михаил  1943 жылғы қыркүйек айында бір топ жауынгерлермен Днепропетровск облысының Домоткань деревнясы тұсында Днепр өзенінен ойдағыдай өтіп, немістердің алты қайығын басып алып, атқыштар бөлімшесінің Днепрден тез өтуіне ықпал еткен. Ержүрек жауынгер-сапер жау шабуылына тойтарыс беріп, плацдармды кеңейтуде белсенділік танытып, ерекше көзге түскен. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1943 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен Михаил Михайлович Медведевке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. Қызыл ТУ, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1945 жылы гвардия сержанты М.М. Медведев Армия қатарынан босағаннан кейін Семей қаласында тұрып  ет комбинатында еңбек етті.

1977 жылы 22 қазанда қайтыс болды.

 

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. – 2015. – 3 марта. –  С.5

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.46

3.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.527

4.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.163