z1Вениамин Михайлович Милецкий  1918 жылы 23 қазанда Алматы облысы Қаскелең селосында (қазіргі Алматы облысы Қарасай ауданы) туған.  2-дүниежүзілік  соғысқа қатысқан. 1938 жылы Семей тау-кен жұмысшы факультетін, 1941 жылы Ташкент əскери авиация мектебін бітірген. Жер пайдалануды тəртіпке келтірушілер курсын бітіргеннен кейін Зайсан ауданында топограф қызметін атқарған.

1939 жылы Кеңес əскері қатарына шақырылып, 1939-1940 жылдары Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1941 жылы 2-Прибалтика майданының 15-əуе армиясы 188-бомбалаушы авиация дивизиясы, 373-бомбалаушы авиация полкі құрамында ұрыстарға қатысқан. Ұшқыш, эскадрилья командирі, капитан.

1941 жылдың 3 қазанынан 1945 жылдың наурызына дейін Милецкий Вениамин Михайлович  жаудың соғыс нысандарына, адам күші мен техникасына 97 900 кг бомба тастады. 305 рет жауынгерлік ұшу сапарына шығып, жаудың 2 батарея, 35 автокөлігі, 1 жанармай қоймасын, аэродромда тұрған 3 ұшағын талқандап, 17 дзотты, 3 оқ-дəрі қоймасын, 1 кеме жасау зауытын, 7 теміржол эшелонын қиратқан. Партизандарға 21 200 кг жүк жеткізіп, ауыр жараланған 242 партизанды «Үлкен жерге» әкелген. Ленин, 2 рет Қызыл Ту, 2 рет 1-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Жауынгерлік тапсырмаларды орындағаны үшін Милецкийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (16.8.1945). 1946 жылы денсаулығына байланысты авиация құрамынан босап, Латвия теңіз флотына ауысты.

 

Әдебиеттер:

1.Кеңес Одағының батырлары – шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза – восточноказахстанцы: мағлұматнама. – Өскемен: ШҚМУ, 2005. – С.4

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.48-49

3.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.173

4.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.532