w3242bvӘлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы 1937 жылы 10 қазанда бұрынғы Семей облысының Жарма стансасында дүниеге келген. 1966 жылы Семей мемлекеттік мединститутын бітірген.Шығыс Қазақстан облыстық туберкулез диспансерінің рентгенолог дәрігері.

КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Орталық рентгенрадиология институтының клиникалық ординаторы, аспиранты, аға ғылыми қызметкері; Семей мемлекеттік мединститутының ассисенті, кафедра меңгерушісі, проректор болды. 1989 жылдан Қарағанды мемлекеттік медакадемиясының ректоры. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері рентгенологиялық әдістерді жетілдіруде, оған керекті жаңа контрасты перпараттар шығаруға, адам денесіндегі іріңді жаралардың әсерінен ішектің жарылуын, қан мен лимфа айналымының сырқаттарын зерттеуге арналған.

Орталық Қазақстанның медэкологиялық жағдайын зерттеп, жасөспірімдердің анатомиялық даму ерекшеліктерін анықтады. Іш құрылысының паранхиматозды органдарын сәулемен анықтау тәсілін тапты.

2013 жылдың 5 қазанында ҚР ҰҒА-ның академигі, ҚР суретшілер одағының мүшесі, профессор Мақаш Тыныштықбайұлы Әлиакпаровтың «Ұлттың ұлы тұлғасы» – «Великая личность нации», атты жаңа кітабы жарық көрді.

Медицина ғылымының докторы (1984), профессор (1984), Қазақстан ҒА-ның академигі, корресспондент – мүшесі (1994). 1994 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.135

Интернет сілтеме:

  1. Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Мақаш_Тыныштықбайұлы_Әлиакпар
  2. Жеке тұлға және халық тарихы арқылы шығарма философиясы// http://kgmu.kz/kz/news/view