Педагогикалық көзқарасы

s23      Ол Семей губерниялық оқу бөлімі жанындағы ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі болған. 1925 жылы 8 қаңтарда «Ауыл» газетінде жарияланған «Бәрекелде» деді ме екен? мақаласында М. Әуезов қазақ даласындағы ауыл мектептерінде оқыту жұмыстарының нашар дәрежеде екендігін, оны бақылайтын оқу инспекторларының өз міндеттеріне жүрдім-бардым қарайтындықтарын қатты сынға алған. Сондай-ақ «Абай» журналының 1918 жылғы 11-санында «Оқу ісі» атты көлемді мақаласын жариялап, онда ұлт мектептерін ашудың қажеттігін нақтылы дәлелдей келіп, оның кезек күттірмейтін мәселе екендігіне тоқталған. Алайда, ол кезде ұлттық мектептерді аша салу оп-оңай іс еместі. Сондықтан, М. Әуезов сол кезде мектеп ашу үшін ең басты кедергі болып табылатын үш түрлі жағдайды атап көрсеткен. «Бірі – бастауыш мектептердің бәріне мұғалім жоқтығы; екіншісі – оқу құралдарының жоқтығы, үшіншісі – ілгері оқитын мектептердің жоқтығы, һәм тез уақытта бола алмайтындығы».

М.Әуезовтің пайымдауынша, мұғалімдер, жалпы жастар тәрбиесіне қатысты қауым, халық даналығы, мақал-мәтелдер арқылы әрбір нәрсенің, құбылыстың шындығына тәрбиеленушінің көзін жеткізіп, оның ақиқаттығын олардың санасына ұялатудың қуатты құралы етіп қолданулары керек.

М.Әуезов – мейлінше прогресшіл, өмірден үйренгіш, жаңаны сезгіш, болашақты болжағыш ойшыл ғалым-ұстаз. Ол – республика халық ағарту саласына айтулы үлес қосқан, асқаралы ағартушылардың бірі. Мұны біз оның қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған істерінен де, көркем шығармаларынан да, ғылыми және публицистикалық еңбектерінін де айқын көреміз.

Әдебиеттер тізімі:

Баймолдаев Т., Сәдуақасұлы Ә. Педагогикалық көзқарас және қазіргі мектеп: (М. Әуезовтің оқу және оқыту, тәлім-тәрбие жұмыстарына қосқан үлесі туралы // Ұлағат.- 1997.-№ 3- 6-10 б.
Солтиева Ж. Ғұламаның бір қыры ( М.Әуезовтің ағартушылық қызметі туралы) // Егемен Қазақстан.- 1997.- 16 тамыз.
Тайжанов А. М.Әуезовтің педагогикалық мұраларынан // Қазақстан мектебі.- 1995.-№ 1-2.- 63-65 б.
Тайжанов А. М. Әуезовтің педагогикалық-философиялық ойлары // Қазақстан мектебі.- 1984.- № 6.- 65-68 б.

Беттер: 1 2 3