Кітапхана Сіздердің назарларынызға 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында және Семей аймағында аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегін ұсынамыз.
Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, оның ішінде туған өлкеміздің тарихын, өңірімізден шыққан атақты тұлғаларды көбіміз біле бермейміз.
Сондықтан осы олқылықты Сіздердің назарларынызға ұсынылып отырған Күнтізбе толықтырады деген сенімдеміз.
М. Әуезов те тарихи тұлғаға осы ой қазығы тұрғысынан келген. Рас, шығармада он жылға созылған көтеріліс оқиғалары толық қамтылмайды. Жанр талабы оны қажет етпейді. Осы ретте шебер драматург Кенесары басындағы осы маңызды, тартысты кезеңдерді таңдаған. Ол – Кенесарының хан сайлануы, бүйірін отаршылдықтың темір құрсауы қыса түскен халықтың күйзелісі, азаттықты аңсаған тілегі, көтеріліс сәттері, жорықтар, елшілік хабарлар, бас кейіпкер өмірінің трагедиялық сәті. Пьесадағы Кене хан арзан атақтың адамы емес, қалың қазақты тұтастырып бірлікке, намысқа шақырған күрескер, үлкен ойдың, намыстың, парасаттың адамы болып көрінеді. Сонымен қатар, оның алға қойған мақсатынан кері шегінбейтін тегеурінділігі де танылады.
Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27