Әуезовтің шығармашылығы

s01   Мұхтар Әуезов жасаған образдарда адам келбеті ғана емес, қаһарманның да, қаламгердің де арман-толғанысын, асқақ қиялын көреміз. Абай, Тоғжан бейнелері соның жемісі. Характер қасиетіне байланысты жазушының бояуы ажарлана түседі, құбыла түседі: бірде нәзік жанның жан құбылысы жаныңды тербетсе, енді бірде ой шатқалына сүңгисің, тағы бірде сұрланған беттің сұмдығынан шошисың… Осылай кете береді. Бірақ суреткердің біргегей мақсаты – кейіпкер тебіренісін терең ашу. Барлық бояу, штрих, келбет құбылысы – бәрі де осы мақсатқа бағынған.

Жазушы образды шеберлікпен беруде сан түрлі қимылдар жасайды. Қимыл, сезім үстінде біртіндеп ашу үстінде әдісін де, жинақтап, тұтас суреттеу тәсілін кеңінен қолданған.

Әдебиеттер тізімі:

Нұрғали М. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры:(Мағжан, Мұхтар, Міржақып, Сәкен, Ілияс, Сәбит, Ғабит туралы).-Алматы: «Күлтегін», 2002.-528 б.
Ақшолақов Т. Характер сомдауда // Қазақ тілі мен әдебиеті.-1992.-№4.-27-32 б.
Әдібаев Х. Портрет сыры // Жұлдыз.-1969.-№ 7.-146-150 б.
Әлімбай М. Зергерліктің зерлері // Ана тілі.-1997.-4 қыркүйек.-5 б.
Әуезов М. //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия.-Алматы, 1999.-12-13 б.
Рүстембекова Р. Көркемдік кілті // Қазақ әдебиеті.-1977.-10 июнь
Жұртбай Т. «Қилы заман» және алаш идеясы // Кітапхана.-2008.-№4.-36-39 б.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27