Әуезовтің шығармашылығы

s24    Жазушы Құнанбайдың қажылыққа бару оқиғасын текке алмаған. Сол арқылы Құнанбай түлкілігінің бір қырын көрсетпек болса, екіншіден оның оның көп жауыздықтарының тағы бірін, жарлы-жақыбайларға жасаған қиянатын әшкерелеген, үшіншіден, Дәркембай сияқты халық қамқоры, қарапайым дана қарттың адамгершілік, батылдық, ерлік қасиетін танытқан. Жазушы өзі жарлы болса да жаны жақсы, адал адамның кейпін берген.

Жазушы Құнанбайдың екі баласы Тәкежан мен Абайдың бір-біріне қарсы мінез құлқын шебер сипаттай білген. Тәкежан әкесінің түлкілік, қаталдық мінездерін бойына сіңіре білген, Ал Абай әкесінің әділетсіздік қылықтарына жаны ыршып, әкесінің қателігін бетіне басады: ”Еркекпен еркекше алысудан жеңілсең де, қатын-балаға батырсың. Қайтарыңдар елдің малын, ұялсаңдар етті” деп Тәкежан мен Майбасарға бұйыра сөйлейді.

Міне, жазушы Абайдың халық қамқоры екендігін, Тәкежанның жәбіршіл, жауыздығын бір ғана штрихте анық байқатады. Дегенмен, Құнанбай ақыл-парасат иесі, өз ойы, түйсігі бар жан. Мұны әке мен бала арасындағы сөз қағыстан аңғаруға болады. Үлкендер заман мен заман арасын салғастырып, өткен заманның артықшылығын, бүгінгі заманның азғандығын сөз еткенде, соған қарсы Абай дәлел келтіргенде, Құнанбай сөзге араласып, салмақты дәлел тастады дейді. Баласының басындағы үш мінді айтқанда Құнанбай сөзі де, өз заманы да, өз әлеуметтік жағдайы да, солардың түсінігі, танымы тұрғысынан алғанда, ойлы да дәлелді. Бірақ Құнанбай баласы Абайдың дәл дұрыс жауабына қарсы дау айта алмайды. Құнанбай баласына жеңіледі, қиналады. Енді жеңілгенін мойындайды, тек баласынан ғана емес, ендігі өмірден де жеңіліп барады. Осы бір эпизодтан тағы бір нәрсені аңғарамыз. Жазушы Құнанбайлар заманының енді жас Абай бастаған жаңашылдар заманы екенін көрстетеді. Соны түсінген Құнанбай еріксіз күрсінеді. Құнанбай адам таниды. Ол – Абайдан көп үміт күткен болатын. Оны барлық баласынан ерекше көрген. Бойындағы бар қасиетін байқаған. Байсал, Бөжей, Қаратайлар Құнанбайды қошаметтеп, оның Ысқақ деген баласын ”осы бір пысық та сергек неме” деп мақтаған кезде, Құнанбай оны теріс көргендей ”одан да не күтсеңдер де, жаман қарадан көрсеңдерші” деп Абайға қарайды. Демек, Құнанбай ақыл-айласы бір басында мол адам.

Әдебиеттер тізімі:

Жолдасова Т. Құнанбай бейнесі: тарихи шындық пен көркем шындық // Қазақстан Жоғары мектебі.-2003.-№ 2.-210-215 б.
Жолдасова Т. Абай және роман-эпопеядағы диалог пен портрет // Ізденіс.-2003.-№ 2.-177-180 б.
Сәкенова Р. Құнанбай бейнесін жаңаша танытудың бір үлгісі // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2004.-№ 3.-33-40 б.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27