Әуезовтің шығармашылығы

М. Әуезовтің «Қилы заман» повесі

s14   М.Әуезовтің қаламынан шыққан алғашқы туындылардың бірі – 1928 жылы жазылған «Қилы заман» повесі. Бұл туынды кезінде кейбір себептермен халыққа кең танылмай қалып қойған еді. Міне, сол повесть 1972 жылы Ш.Айтматовтың алғысөзімен «Новый Мир» журналында орыс тілінде «Лихая година» деген атпен жарық көрді.

Аталмыш повесте Қазан төңкерісі алдындағы қазақ даласындағы ақ патшаның отарлау саясаты, екі жақты езгіде, тар қыспақта қалған халықтың ауыр тұрмысы, қайғы-мұңы, ашу-ызасы барынша шынайы көрсетілген.

Бұл кезде болып жатқан 1-дүниежүзілік соғыстың зардаптары да қарапайым халықты жаншып, езе түскен. Міне, осы тұста халықтың ауыр жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне қарамай-ақ, патша үкіметі қара халықтан майданға әскер алу туралы жарлық шығарды. Жарлық халықтың ашу-ызасын келтіріп, ақ патшаға қарсы күрестің ашықтан-ашық басталуына әкеп соқты. Қалың жұрт қарсылық майданына жұмылды. Жұртты күреске ұйымдастырған халық басшылары- өмірде болған Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Ыбырай сияқты тарихи адамдар еді. Жергілікті байлар Дәулетбек пен Түнқатарлар халықты күреске бастаған Ұзақ пен Жәмеңкені қолға түсіріп, өздері патша жарлығын жүзеге асыруға әрекеттенеді. Бүлікті басып, басшыларын жазалауға орталықтан Клубницкий жіберіліп, Ыбырай бастаған жігіттермен арада қантөгіс қақтығыс болады. Автор осындай ұлт-азаттық көтерілістің қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында күшейіп отырғанын, бірақ оның стихиялы түрде басталып, соғыс құралдарының жеткіліксіздігінен тез басылып қалып отырғанын жазады.

Өмірлік факті ретінде 1916 жылғы Жетісу Албандары көтерілісінің тарихи оқиғалары негізге алынған Ленинград университетінің студенті болған кезінде Мұхтар фольклор нұсқаларын жинау үшін Жетісуға әдейі келі, оның әсем жерлерін, заңғар таулары мен жасыл жайлауларын аралап, тамашалап көреді. Бірнеше шығармаға арқау еткен дүниеліктерді ол осы сапараларында жинаған.

Оқиға Жетісудың атағы жер жарған Қарқара жәрмеңкесін суреттеуден басталады. Салғаннан жазушының эпикалық құлашы, қаламгерлік диапазонының кеңдігі, палитрасының сан алуан бояуға байлығы көрінеді. Төгілген тілі келісті картонна. Бірақ, Әуезов жәрмеңкенің дырду қызығын, ақтарылып шашылып, судай ағып жатқан байлығын тамашалай таңдай қағып, тамсанудан аулақ. Сахараның қанды ауыз обырлардың, майға қонған шыбынның сирағын жалайтын сараң, жарты тілі үшін жайын сататын саудагерлердікін қалай алдап, шырғалап, жеп жатқандығы алғашқы көріністерден-ақ белгілі болып қалады. Жазушы бір детальмен көп сырды аңғартады. «Базар ортасында ұзын биік ағашқа аспандатып көтерген ақ жалаудан екі басты самұрықтың суреті желкілдейтін. Бұл қомағай қыранды, жалмауыз тілекті ертегі озбырының айқын тұрған белгісі еді. Обырды туғызған ана жат пішінді, жалмауыз түсті ұлық. Соның айқын таңбасы ертегі айдаһарындай екі басты, жайын түсті самұрық. Бұның жәрмеңке басында тірі жүрген құлдары, атқан оқ, шапқан қылышы – жемқор, семіз қарынды пристав «ақ желке» Падпаруев те, айнласындағы жоғары құлдары – ұсақ тілмаштар. Бұның ішінде қазақтан шыққан өңі жылтыр, қарны томпақ тілмаштар».

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27