Әуезовтің шығармашылығы

М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» повесі

s01       М.Әуезовтің шығармашылық жолына зер салар болсақ, ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары жазушы үшін аса бір жемісті шақ болды. Осы тұста жазушы С.Мұқанов былай деген еді: «Қаламалды тұңғыш әңгімесі «Қорғансыздың күнімен-ақ» Мұхтар шын мәніндегі еуропалық проза деңгейіне көтерілді, содан бері қазақ прозасы сол биіктен түспей келеді» деп жазған еді. Шындығында да осылай болған, «Қорғансыздың күнінен» бастап, күрделі тартысқа толы «Қилы заман» романы да, «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше тоқал», «Қаракөз», «Хан Кене» пьесалары соы кезде туған.

Мұхтар Әуезовтің жиырма төрт жасында жарық көрген «Қорғансыздың күні» әңгімесі қазақ топырағындағы прозалық шығарма жазудың балаң шағы мен таптаурын тәсілін жаңа сатыға көтеріп, туған әдебиетіміздің абыройын еуропалық деңгейге шығарған айтулы туынды болды. Әңгіменің бітім-болмысы, дәлірек айтқанда, сюжеті мен композициясы, тартыс табиғаты, замана шындығының көркем көрінісі, кейіпкерлерлердің сомдалуы, идеясы, осылар сияқты басқа да толып жатқан компоненттер мұны толық дәлелдейді. Оның үстіне, қаһармандардың мінез-қылығы мен интеллектуалдық жағдайларына байланысты қолданылатын сөздердің шеберлікпен қиыстырылғандығын атап өтпеске болмайды. Ол аз десеңіз, табиғат құбылысының, пейзаждың адам психологиясымен астасып жатканының өзі оқырманды енжар қалдыра алмайды.

«Қорғансыздың күні» былай басталады:

«С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп, демелендіріп тұрады» (20 томдық шығармалар жинағы, 1-том, 67-бет)

Тағы авторға сөз берейік:

«Не бауыры, не сыртында ықтыртын жоқ ысқаяқ. Арқалық жадағай, жалғыз қабат болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да, паналығы жоқ, азынап тұрады. Кыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды. Сондықтан өзге жер ашық болып тұрғанда, Арқалықтың бауыры көбінесе бораннан босамайтын. Алыстан қарағанда да, Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27