Әуезовтің шығармашылығы

s01       Шығармада елеусіздеу көрінетін кішкентай ғана штрихтардың өзі композицияны жарасымды толықтыра түседі. Мәселен, барынша жадау үй ішінің іске алар кедей тіршілігін салқын қанды баяндап отырған автор оқырманның назарын әдемі, текшелей жиналған төсек-орынға аударады. Осының өзінен «қыздың жиған жүгіндей» деген сияқты, Ғазизадай тазалықты сүйетін, жүріс-тұрысы ғана емес, әр қимылы сүйкімді қыз баланың бар екеңдігін білеміз. Сондай-ақ, тамақ желініп болғаннан кейін әжесі Ғазизаға қонақтардың аттарын жайғастырып келуге, қораға барып шөп салған тапсырма бергенде, қыз сәл саябырлап, әлдене көңіліне күдік тудырып ойланғандай болады. Соған қарамастан, әжесінің сөзін жерге тастамайды, қарсылық білдірмейді. Мұндай инабаттылық ғасырлар бойы қазақ қызының бойына дарыған тартымды әдет. Осындай әдемі қылықтары арқылы автор бейкүнә, таза жүректі жас қыздың бейнесін толықтыра түседі.

«Қорғансыздың күніне» келетін болсақ, мұнда да әр қилы ойдың бола беруі ғажап емес. Дегенмен, автордың нені нысана еткені туындының атынан білініп тұрған жоқ па? Шынында, жазушы әлсіздердің жайына баса көңіл бөліп отыр. Солай болғанның өзінде, Ғазизаны өлімге кия алмайсыз. Ары таза адамның «мұндай қорлық көріп, тірі жүргенше, өлгенім артық» дейтін қатаң да болса, қайта ойланбас шешімі болатыны да белгілі. Автор идеясына бойласақ, мұндай масқаралық осымен бітсін, енді еш уакытта кайталанбасын деген үкім айтқандай. Ал, Ақан мен Қалтай – олар қаншалықты азулы, ызғарлы, күшті болғандарымен, жұртқа қарауға бет жоқ, сөйлесуге тіл жоқ, таң атар-атпаста аттанып кетті. Оларды автордың моральдық тұрғыдан жазалауы сезіліп тұрады.

Әдебиеттер тізімі:

Жүсіпбек . Қорғансыздың күні: (Жаңа кітап)// Қазақ тілі.- 1922.- 22 апрель.
Қабдолов З. [ М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні атты әңгімесі туралы] // Қабдолов З. Жанр сыры. Алматы, 1964.- 25-32 б.
Омаров А. Ғазиза сұлудың мекені табылды // Семей таңы.-2011.-27 қыркүйек.-5 б.
Серғалиев М. «Қорғансыздың күні»: композициясы мен тілі// Абай.-1997.- №2-3.- 38-41 б.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27