Нұрахманов Болат Жақыпұлы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында, Ақжар ауылында 1949 жылы ақпан айының 24-ші жұлдызында дүниеге келген. 1976 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина университетін бітірген) 1976-1981жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданында, 1981-1982 жылдары Алматы Орталық қалалық ауруханасында хирург. 1982-2003 жылдары Хирургия ғылыми орталығында ординатор-хирург, хирург қызметтерін атқарды. Медицина ғылымының докторы (2003), профессор (2009). 2003 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра профессор «Комплексное лечение критической ишемии нижних конечностей» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 100-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 оқулық, 3 оқу құралы, 6 оқу-әдістемелік нұскаулық, 4 патенттің, 2 өнертабыстық ұсыныстың авторы.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.210