Әлеуметтік-саяси көзқарастары

s18   Шәкәрімнің әлеуметтік мәселелерді көтеруі оның саяси даму туралы пікірлерімен ұласады. Ақынның ерекше көңіл бөлетіні халық психологиясы, тобырдың мақсаты. Қазақ халқы бірліктің қажеттілігін өз мүддесі үшін топтасудың қажеттілігін, ортақ сөзбен пәтуаға келу қажеттілігін ұқпай-ақ қойды, – деп қиналады Шәкәрім ”Насихат”өлеңінде. Қазақ қоғамы отаршылдықтың, басқа халықтың диктаттық саясатының нәтижесінде моралдық деградацияға ұшыраған халық. Елеуреп, даурыққан кезде қазақ бұрынғыдай ақылды, әділ сөзге тоқтамайды. Ел бұзылған кезеңде оған үлгі боламын деу, оны тезге салам деу, жақсылыққа шақырам деу бос әурешілік. Қазақтың бір жақсысы екінші жақсының сөзін тыңдамайды. Халық бірін- бірі аңдиды. Қоғамдағы әділетсіздіктің күші сондай адалдық жолы болған емес. Қоғам адасты, қоғаммен бірге халықта адасты. Адасқанын түсініп отырған жұрт жоқ. Шәкәрім тек қоғамның жалғандығын, оның халықты да жалғандыққа бастап отырғандығын айтады. Халық ұлттық құндылықтарынан айырылған. Сол себепті ол жақсылық пен жамандықты айырмайды. Зұлымдық пен өтірік, зорлық пен мақтан билеген заманды тудыратын да билік. Оған халықтың тоз-тоз болып, бірімен бірі алысқаны жақсы, бірін-бірі жек көргені жақсы. Ондай халықты басқару оңай, қорқытып үркіту оңай. Сондай қиын, әділетсіз заманда жүректегі тазалығын сақтаған, зүлымдықтан қашқан, ешкімге қиянат жасамайтын адамдар әулиеден кем емес, – деп есептейді Шәкәрім.

Ақын өмір трагедиясын, қайшылықтарын қаншама сынағанымен, қиналғанымен болашаққа үлкен оптимизммен карайды. Шәкәрім қазақ халқын жөндей отыра әлем халықтарын тәрбиелеуге үлес қосатынын сезінеді. Ол өз ұлағатының, өмір жайындағы философиялық толғауларыныц адамзатты ізгілендіру ісіне қызмет ететінін білген. Оның шығармашылығындағы өзскті түйін – адам мәселесі. Адамды жөндеу арқылы, оның ойы мен білімін, әрекеті мен мінезін жөндеу арқылы мемлекетті және қоғамды жөндеуге болады деп біледі Шәкәрім.

Қоғамның жаңаруы ғылым мен білімге тәуслді. Оларға негізделген мемлекет пен басқару жүйесі де дұрыс болады. Хақиқатқа, әділетке халықты бірлік пен талап қана тарта алады. Халық әділеттілік жағында болса ол өнерді, еңбекті, жаңашылдықты таңдайды. Адамзат бірінен-бірі артық емес халықтар. Олардың өзгешілігі өнер, білім, ғылымды, техникапы игеруінде. Сондықтан казак өнегелі халықтардан үйренуі керек деген өсиет айтады. Табиғат байлықтары, жер қойнауы барлық халықтарға аздап бөліскенде ғана жетеді. Сондықтан мемлекетаралық, ұлтаралық қарым-қатынастарда әділетті, сенімді, адамзаттың ортақ мүдделерін бірінші кезекке кою қасиет деп есептейді ойшыл ақын.

Әдебиеттер тізімі:

Қүдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер.- Алматы: Жазушы, 1988.- 560 6.
Баймұханов Т. Шәкәрімнің әлеуметтік-саяси көзқарастары // Шәкәрім әлемі. – 2006. – №1. -117-121 б.
Борбасов С. Шәкәрімнің әлеуметтік-саяси көзқарастары // Жалын. – 2006. – №4. – 14-16 б.
Тұматаева А. Шәкерімнің теңсіздік пен әділетсіздікті сынауы : [Қазақ ойшылының еңбектері туралы] // Қазақ тарихы. – 2001. – №3. – 46-50 б.
Тұматаева А. Шәкәрім және саяси-құқықтық ой-пікірдің қайраткерлері // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2000. – №12. -27-28 б.

Беттер: 1 2 3