s02   Шәкәрім ұждан ұғымының философиясы туралы: … ”бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, ешбір заң тазарта алмайды…, ұжданы сол жанның (адамның) азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды”,- деп тебірене ой толғаған.
Шәкәрім: ”Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан” -деп, тұжырымдаған.
Шәкәрімнің «Ар ілімі» философиясының негізінде адамның дүниетану туралы көзқарасының қалыптасу тарихының жолдары алуан түрлі екендігі айтылған. Ол өз ойларын былайша тұжырымдаған. ”Барлықтың (Шәкәрімше – дене) түп себебі – жаратушының білім, қүдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: Ғылым жолында бұл барлықтың ешнәрсесі өздігімен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Сол себеп жаратушы болады. Егер, сол себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім-оларда қозғалыс бар, қозғалуда жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс (притяжение, отрицание) өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек”-деп қорытқан.
Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының негізінде дене (денелердің) арасындағы сезім таралатын орта, жан, қуат деген басты ұғымдар бар. Осы ұғымдар туралы Шәкәрім былай деген:

Жаратылыс басы-қозғалыс,
Қозғауға керек, қолқабыс,
Жан де мейлің, бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Қозғалған қуат- жан дейміз,
Жан өсті жаннан сан дейміз.

Шәкәрімше айтқанда дененің (денелердің) арасы – орта тұрағы. Оның центрі мида. Сонда мидағы орта тұрақпен денелер арасында сезім тарайтын жалғастық бар. Адамның әртүрлі сезімі, әр істі істеуі оның миының өзіне тән қасиеті-сезу, ескертулер.
Шәкәрім түсінігі бойынша жан, дене (зат) басынан бар болып табылады, яғни олар Жаратушының ісі. Сонда жан баста (жаратылған) бар болса, тұрған денесі (ортасы) орын болуға жарамаған соң, денеден шығып кетеді. Одан соң ол біржола жоғалып кетпейді. Ғылыми жол бойынша ол түрленіп, өзгереді. Жан әр түрге түседі. Мәселен, инстинкт-сезімді жан, сознание -аңғарлык жан, мысль – ойлайтын жан, ум -ақылды жан. Жан да өсіп, өніп жоғарлайды. Жанның бар екеніне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне еш дәлел жоқ. Жан дене сияқты емес. Жан мен дененің (заттың) айырмашылығы бар. Дене бір бұзылып, бір түзіледі. Олар бір-біріне қосылысады, бөлінеді және қосылып жаңа зат түзіледі. Осыдан соң олар қасиеттерін де өзгертеді. Осыған байланысты тағы бір қосымша ұғым бар. Ол ”қуатты дене” делінген. Жан мен дене бірігіп тұрған кезде бірі-біріне қатты әсер береді. Мысалы, ашу, жек көру, сүю сияқты кұбылыстарда әсер бетке шығады. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жаралған болса да, бірігіп тұрғанда біріне-бірі эсер береді. Жан бөлінуді қабыл алмайды, және денемен бір жола бірігіп те қалмайды. Бұл екі араға (жан мен дене) бір нэрсе қосылады, ал оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ ондай нэрсе болса, өлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал, яғни қиял, сәуле сияқты болып, сол орта арқылы әсер беретін болар делінген.

Осыған байланысты оқырманға белгілі бір жайт бар. Тегінде, философиялық көзқарастардың негізі болып саналатын ілімдер екі бағытта дамыган. Олар дүние-тану және қоғамтану пәндері болып қалыптаскан.
Шәкәрімнің айтылған, философиялық көзқарасындағы басты ұғымдарды осы дүниетану тұрғысынан, олардың қазіргі физика ғылымында кең тараған ұғымдармен байланыстары, (сәйкестіктері) қарастырылады. Осы сәйкестіктерді өлеңнің бір шумағымен былайша тұжырымдауға болады:

Қозғалыстың алуан түрі біздерге ол елес пе?
Жан дегеннің түсінігі энергия емес пе?!
Өзгерісі анықталмақ. Жұмыс және Жылу-деп,
Шамасы оның табылады физикалық есеппен!

Осы тұжырым барысында, алдымен Шәкәрімнің… Жаралыс басы – қоғгалыс-деген ойының физикалық тұрғыдағы жалғасы төмендегідей сараптамада болар.
Сонда, егер қозғалыс баста болғанда уақиға жүреді. Оның көрінісі бірнеше түрдегі құбылыстар. Ал оның нәтижесінде бастапқыдан өзгеше бір нәрсе, не алуан түрлі бөлшектер пайда болуы мүмкін. Яғни қозғалыс баста болғанда табиғатта оның көптеген әр түрлі көріністер мен құбылыстар тізбегі болатындығы айқын сияқты. Ал қозғалыс жеке дара емес, ол белгілі бір баста болатын нәрсенің қозғалысы болар.
Сонымен қатар, нәрсенің қозғалыстар тізбегіндегі (не оның бір бөлігі) нәтижесі Энергия деп түсіну дұрыс сияқты. Осы қозалыстар тізбегінде оның бір түрі екінші бір түрге ауысқанда осы қозгалыс нэтижесіннің мөлшері -энергия-жогалмайды, сақталады. Сонда заттың жалпы энергиясы оның өзгерісінен кейінгі бөліктерінің энергияларының қосындысынан тұрады. Шәкәрім философиясында Жан ұғымы қоғамтану (”тірі” дүние) ғылымында нақтылы мағына береді. Ал, Энергия ұғымы соңғы кезде жалпылама терминге айналып келеді. Мысалы, энергетика, энергетикасы күшті адам т.б. Сонымен қатар энергия ұғымы дүниетану (”өлі” дүниеде) заттың (оның бөлшектерінің) сан алуан қозғалыстарының нәтижесінің шамасын (қорын) анықтайтын термин. Сөйтіп, физикадағы энергия ұғымы Шәкәрім философиясындағы жан ұғымына өте жақын (сәйкес) қой дейміз. Ал енді жан мен заттың айырмашылығы бар екендігін, және сонымен бірге олар бір-біріне байланысты қатар болатындығын мойындау жөн сиякты. Егер зат (не оның бөлшегі) болмаса, онда оның қозғалысы (не энергиясы) туралы қандай сөз айтуға болады?!
Ал, енді нәрсенің (Шәкәрімше: зат, дене) бөлшектерінің қозғалысы кезінде олар белгілі бір құбылыс түрінде көрініс беруі де мүмкін. Мысалы, біз нәрселердің (заттардың) қаншалықты көлемдегісін (кесегін, бөлігін) қарастыратындығымызға байланысты. Егер нәрсенің көлемі үлкен болып, оған өз көзімізбен қарай алатын болсақ, онда оны біз зат (дене) деп атаймыз. Ал енді, егер нәрсенің көлемі өте аз, оны белгілі құралдар (приборлар, установкалар т.б) арқылы зерттегенде, осындай аз көлемде нәрсе бар екендігі туралы нақтылы информациямыз болса, онда біз нәрсені бір құбылыс түрінде қабылдаймыз. Оны қысқаша төмендегідей түсінуге болады. Нақтылы заттың (Шәкәрімше нәрсенің) бір кіші бөлшегі атом. Оның құрамында электрондар болатыны физикалық тәжірибелер арқылы дәлелденген.
Кеңістікте нәрселердің (оның элементар бөлшектерінің) таралуы белгілі бір уақиға. Уақиғалардың кеңістіктегі таралуы әртүрлі құбылыстар береді. Осы құбылыстар тарайтын ортаны өріс дейміз. Өрістің алуан түрі болады. Шәкәрімнің көзқарасындағы тұрғын орта біздің ойымызша осы өріс болар. Өрістің кейбір түрлері дененің өз ішінде не оның бөлшектері арасында да және денелер аралық кеңістікте де болады. Сонымен, физикалық сараптамалардың Шәкәрім көзқарасындағы философиялық ойлары мен тұжырымдарына толық сай келеді деуден аулақпыз.

Әдебиеттер тізімі:

Шәкәрім Қүдайбердіұлы. Үш анық. Алматы, 1991.-77 6.
Шәкәрім Құдайбердиев (шығармалары), Алматы: «Жазушы», 1988. -500 б.
Жақыпов Ш. Шәкәрім философиясының кейбір негіздеріне физикалық көзқарастар // Шәкәрім әлемі. – 2006. – №2. – С. 86-89
Рақымжанов Б. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы және Үш анық // Шәкәрім әлемі. – 2006. – №1. – С. 47-52