Дүниетану туралы көзқарасы

s02   Осыған байланысты оқырманға белгілі бір жайт бар. Тегінде, философиялық көзқарастардың негізі болып саналатын ілімдер екі бағытта дамыган. Олар дүние-тану және қоғамтану пәндері болып қалыптаскан.
Шәкәрімнің айтылған, философиялық көзқарасындағы басты ұғымдарды осы дүниетану тұрғысынан, олардың қазіргі физика ғылымында кең тараған ұғымдармен байланыстары, (сәйкестіктері) қарастырылады. Осы сәйкестіктерді өлеңнің бір шумағымен былайша тұжырымдауға болады:

Қозғалыстың алуан түрі біздерге ол елес пе?
Жан дегеннің түсінігі энергия емес пе?!
Өзгерісі анықталмақ. Жұмыс және Жылу-деп,
Шамасы оның табылады физикалық есеппен!

Осы тұжырым барысында, алдымен Шәкәрімнің… Жаралыс басы – қоғгалыс-деген ойының физикалық тұрғыдағы жалғасы төмендегідей сараптамада болар.
Сонда, егер қозғалыс баста болғанда уақиға жүреді. Оның көрінісі бірнеше түрдегі құбылыстар. Ал оның нәтижесінде бастапқыдан өзгеше бір нәрсе, не алуан түрлі бөлшектер пайда болуы мүмкін. Яғни қозғалыс баста болғанда табиғатта оның көптеген әр түрлі көріністер мен құбылыстар тізбегі болатындығы айқын сияқты. Ал қозғалыс жеке дара емес, ол белгілі бір баста болатын нәрсенің қозғалысы болар.
Сонымен қатар, нәрсенің қозғалыстар тізбегіндегі (не оның бір бөлігі) нәтижесі Энергия деп түсіну дұрыс сияқты. Осы қозалыстар тізбегінде оның бір түрі екінші бір түрге ауысқанда осы қозгалыс нэтижесіннің мөлшері -энергия-жогалмайды, сақталады. Сонда заттың жалпы энергиясы оның өзгерісінен кейінгі бөліктерінің энергияларының қосындысынан тұрады. Шәкәрім философиясында Жан ұғымы қоғамтану (”тірі” дүние) ғылымында нақтылы мағына береді. Ал, Энергия ұғымы соңғы кезде жалпылама терминге айналып келеді. Мысалы, энергетика, энергетикасы күшті адам т.б. Сонымен қатар энергия ұғымы дүниетану (”өлі” дүниеде) заттың (оның бөлшектерінің) сан алуан қозғалыстарының нәтижесінің шамасын (қорын) анықтайтын термин. Сөйтіп, физикадағы энергия ұғымы Шәкәрім философиясындағы жан ұғымына өте жақын (сәйкес) қой дейміз. Ал енді жан мен заттың айырмашылығы бар екендігін, және сонымен бірге олар бір-біріне байланысты қатар болатындығын мойындау жөн сиякты. Егер зат (не оның бөлшегі) болмаса, онда оның қозғалысы (не энергиясы) туралы қандай сөз айтуға болады?!
Ал, енді нәрсенің (Шәкәрімше: зат, дене) бөлшектерінің қозғалысы кезінде олар белгілі бір құбылыс түрінде көрініс беруі де мүмкін. Мысалы, біз нәрселердің (заттардың) қаншалықты көлемдегісін (кесегін, бөлігін) қарастыратындығымызға байланысты. Егер нәрсенің көлемі үлкен болып, оған өз көзімізбен қарай алатын болсақ, онда оны біз зат (дене) деп атаймыз. Ал енді, егер нәрсенің көлемі өте аз, оны белгілі құралдар (приборлар, установкалар т.б) арқылы зерттегенде, осындай аз көлемде нәрсе бар екендігі туралы нақтылы информациямыз болса, онда біз нәрсені бір құбылыс түрінде қабылдаймыз. Оны қысқаша төмендегідей түсінуге болады. Нақтылы заттың (Шәкәрімше нәрсенің) бір кіші бөлшегі атом. Оның құрамында электрондар болатыны физикалық тәжірибелер арқылы дәлелденген.
Кеңістікте нәрселердің (оның элементар бөлшектерінің) таралуы белгілі бір уақиға. Уақиғалардың кеңістіктегі таралуы әртүрлі құбылыстар береді. Осы құбылыстар тарайтын ортаны өріс дейміз. Өрістің алуан түрі болады. Шәкәрімнің көзқарасындағы тұрғын орта біздің ойымызша осы өріс болар. Өрістің кейбір түрлері дененің өз ішінде не оның бөлшектері арасында да және денелер аралық кеңістікте де болады. Сонымен, физикалық сараптамалардың Шәкәрім көзқарасындағы философиялық ойлары мен тұжырымдарына толық сай келеді деуден аулақпыз.

Әдебиеттер тізімі:

Шәкәрім Қүдайбердіұлы. Үш анық. Алматы, 1991.-77 6.
Шәкәрім Құдайбердиев (шығармалары), Алматы: «Жазушы», 1988. -500 б.
Жақыпов Ш. Шәкәрім философиясының кейбір негіздеріне физикалық көзқарастар // Шәкәрім әлемі. – 2006. – №2. – С. 86-89
Рақымжанов Б. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы және Үш анық // Шәкәрім әлемі. – 2006. – №1. – С. 47-52

Беттер: 1 2