555Татиев Талғат Әбікенұлы 1966 жылы 7 қарашада бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауылында туған. 1991 жылы Семей педагогика институтын бітірген. 1997 жылға дейін Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда суретші-реставратор болды. Сол жерде қалалық жыл сайынғы сурет көрмелеріне қатысып жүрді: «Күзгі салон», «Мен өмір сүремін» көрмесінде ( 1994 ж.) 1997 жылы суретші А.Е. Махномен бірге «САК» тобын құрады. 1998 жылы суретшілер тобы Алматылық «Вояджер» галереясында бірлесіп жұмыс істейді. Астаналық көркемсурет өміріне белсене араласып, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының галереялар парады көрмесіне жұмыстары қойылды. Сол жылы «САК» тобы Сорос қорының грантын жеңіп алып, Семейде суретшілердің «Барлық елдердегі Семейліктер бірігіңдер» көркемсурет акциясын өткізді. 2003 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында еңбек етеді.

 

Әдебиеттер:

1.Биданова А. Мелодия Талгата Татиева // Семипалатинские вести. – 2006. – 13 апреля. – С.5

  1. Более 100 новых картин // Спектр. – 2012. – 26 дек. – С.2
  2. Гуляева Е. До 6000 квадратных метров нового жилья ежегодно! // Спектр. – 2012. – 30 мая. – С.1
  3. Назирова Е. Краски осени // Наше дело. – 2010. – 25 ноября. – С.2
  4. Сухов Е. Не хлебом единым // Спектр. – 2012. – 19 сент. – С.6
  5. Шакабаев Р. Сезон выставок // Наше дело. – 2014. – 5 июня. – С.3