Шәкәрім аудармалары

s17    «Дубровский «Пушкинде 19 тараудан тұрады. Шәкәрім сол тараулардың ізімен жүре отырып, артық-ауыс кетпейді. Кісі аттарына көп өзгеріс кіргізбейді. Пушкиннің кей тұста толығырақ айтып кететін суреттеріне Шәкірм көп тоқталмайды. , бірер шумақпен бейнелейді. Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға айналуы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері аттары сол күйінде қалғанымен, іс-әрекеттері сол түпнұсқа күйінде қалғанымен, қазақ даласында өтіп жатқандай әсермен суреттеледі. Негізі 1908-1909 жылы «Дубровский әңгімесі», «Боран» жылдары қатар аударылса керек.

«Боран» бес-алты беттен асатын шағын әңгіме, оны Шәкәрім 248 жол өлеңге түсіріпті. Кейбір кісі аттарына жасаған сәл-пәл өзгерісі болмаса, мазмұны сақталған.
Пушкин тақырыбын қырда қайтадан жырлап, ұлттық әдебиетке жаңадан бір тың өріс ашып беріп кетті.
Шәкәрім қажының Мекке-Мәдине сапарынан кейінгі жасаған өзіндік бір шығармашылық белесі бар.Ол Иранның Шираз қаласынан шыққан төрткүл дүниеге аты мәшһүр шайыры Хафиз поэзиясына ден қойды. Аударам деп еліктеймін деп емес, өзгенің өзекті шыңынан өз өлеңіне өрісті өрнек алып қосу үшін барды. «Егер сүйікті сол бала» деп басталатын Шәкәрімнің Хафизден алған аудармасы құрылысы, сыртқы, ішкі пішіні жағынан шалыс ұйқаспен жазылған қазақ өлеңінің санатына жатады. Небәрі отыз екі жолдан тұрады. Хафизде бұл өлең он сегіз жолдан құралған. Хафизде арнайы тақырып болмайды.Тақырыбы ғазалдың бірінші жолы боп саналады.

Әрине Шәкәрімнің көркем аудармасының тілі нұсқа тілінен алшақтау болса да, негізгі желіден алшақтау болса да, негізгі желіден қашықтап кетпей қосарланып тілдеседі. Автор түпнұсқадағы орамдарды қазақы қалыпқа түсіріп, Хафиз ғазалының эстетикалық көркемдік сапасын сақтап, қазақша жатық баламалар жасайды. Сөйтіп, ол өз ғасырындағы қазақ тыңдарманы , оқырманы үшін түпнұсқаның өрнекті ерекшелігін қазақ ұғымымен үйлестіріп барып, таңдай тұщытатын тәржіма жасайды. Сөйтіп, қазақ қауымының ортасына лириканың жаңа түрін әкелді. Шығыстың, Еуропаның, орыстың поэзиясын жетік меңгерген Шәкәрім Хафиз ғазалының қазақ тіліндегі тың үлгісін сомдап кеткен. «Кел, аяқшы, қымыз күй» деп басталатын Шәкәрім тәржімасы Хафизде «Сақы, нұр шашқан шараптан құй» делінген. Парсы шайырының төрт жолы қазақ ақынында сегіз жолға айналып келеді. Аудармашы жолма-жол аударуды мақсат етпеген. Түпнұсқаны терең түсіне отырып,онымен тепе-тең жарыса келе, өзіндік өрнек жасаған. Егер атақты атамыз Хафиздың көлеңкесінде қалып қойса, мұншалықты дербес , жатық жыр шықпаған болар еді.
«Кешегі басшы піріміз» аудармасы да Шәкәрімнің лирик, ойшыл екенін және бір танытып, дәлелдеп өтеді. Асыл нұсқадан тікелей тартқан аудармасы оның ірі талант иесі екендігін көрсетеді, ақыл парасатына жүгіндіреді. Хафизбен тілдескенде соны дәлелдейді.

Әдебиеттер тізімі:

Күмісбаев Ө. Шәкәрім және Пушкин // Егемен Қазақстан.- 2006.- 14 қараша.- 5 б., Абай.-2011.-№ 1.-34-40 б.; Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық жинақ.-Алматы: «Раритет», 2007.- 257 б.
Жұмағали З. Шәкәрім: А.С. Пушкиннің «Дубровский» шығармасын қалай аударған еді // Егемен Қазақстан.- 2006.- 28 маусым.- б-7 б.
Күмісбаев Ө. Шәкәрім және Хафиз жүрегіндегі үндестік // Егемен Қазақстан.- 2008.- 10 қыркүйек.- б.4

Беттер: 1 2