Владимир Ильич Третьяков – живописші, еңбек ардагері. Көкшетау облысы, Зеренді ауданы Троицск селосында дүниеге келген. 8 жылдықтан соң, Семей геологиялық-барлау техникумына оқуға түседі, оны 1949 жылы бітіріп шығады.

1954 жылы Владивасток әскери көркемсурет студиясын бітіреді. 1976 жылдан Семей педагогикалық институтында оқытушы. Сонымен қоса, 60 жылдан бері Қазақ көркемсурет қорында жұмыс істеді.

1985 жылы Абай атындағы ҚазПи-дің көркесурет- графика факультетін оқып бітіреді. Көркемдік-өндіріс шеберханаларында жұмыс істеп, алаңдарды, қоғамдық ғимараттарды, клуб, Мәдениет үйін, спортзалдарды әсемдеу жұмыстарына, көрмелерге қатысады. Қайратты да жігерлі адам болып келген Третьяков өте көп табысты жұмыс істейді. Ол-пейзаждар, натюрморттар және портреттер.

Республикалық, облыстық, қалалық көрмелерге үзбей қатысып келеді.

Көрмеге суретшінің 40 жылдан  артық кезеңде салынған ең үздік жұмыстары кірді.

Третьяковтың жұмыстары қала мұражайларында, сондай-ақ Қазақстан суретшілер одағының Панорамалық көрмелерінде және жеке коллекцияларында сақтаулы.

 

Әдебиеттер:

1.Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семей, 2003. – Б.158