Христолюбов Валентин Александрович (1918 жыл-1979 жыл) – суретші, живописьші. Қиыр Шығыста көп балалы отбасында дүниеге келген. 1932 жылы Семейге қоныс аударады. Мектепті тәмамдаған соң Омбы көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, оны соғыстың алдында,1940 жылы бітіріп шығады.

Әскер қатарында жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады да, Ленинград қоршауын бұзуға қатысады. Майдандағы ерлігі үшін үкімет ордендарымен бірнеше мәрте марапатталады.

1945 жылы Семей қаласына қайтып оралады. В.Христолюбов 32 жыл бойы қаланың көркемсурет өнеркәсіптік щеберханаларында еңбек етті. Қала көшелерінің жыл сайынғы мерекелік безендірулері, өнеркәсіп ғимараттары мен мемлекеттік мекемелерінің интерьер дизайнынын жетілдіруге жалықпай үлес қосты. Шығармашылық жұмысы және көрмелерге белсене қатысуы жемісті еңбегінің айғағы деуге болады.

Христолюбовтың пейзаждары аса ыждахаттылықпен орындалған.

 

Әдебиеттер:

1.Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семей, 2003. – Б.59

  1. Ксенофонтова И. Картины, которые будоражат сердце // Спектр. – 2004. – 25 марта. – С.6