881978 жылы 8 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген.

Футболды 6 жасынан ойнай бастады. Оның ең алғаш жаттықтырушысы – Н.Десембаев. 1998 жылы өзінің ең алғаш алтын медальна қол жеткізеді. 2002 жылы астаналық “Астана” футбол клубына ауысады. Ол жерде жақсы ойын өнерін көрсете алмағаннан соң, семейлік “Елімай” клубына келеді. 2004 жылы алматылық “Қайрат” клубымен келісімге тұрады. Ол команда да үздік ойын өнерін көрсетіп 3 маусым ішінде капитандық атаққа ие болады. 2007 жылы “Ақтөбе” футбол клубына ауысады. 2013 жылдың қаңтарында түріктік «Ризеспором» командасына ауысады. Түрік командасынан соң қайтадан алматылық “Қайрат” футбол клубына келеді. 29 қазан күні алматылық командамен өз келісім шартын үзеді.

Қазақстанның ұлттық құрамасында өзінің ең алғашқы ойынын 2000 жылы 31 наурызда Иордания ұлттық құрамасына қарсы өткізеді. Ұлттық құрамада өзінің ең алғашқы және ең соңғы голын 12 қыркүйек күні Белгия ұлттық құрамасының қақпасына соғады. 2007 жылы ұлттық құраманың басына Бернд Шток келгеннен соң ұлттық құрамада көрінбей қалады. Ұзақ уақыттан соң 2011 жылдың 9 ақпанында ұлттық құрамаға қайта келеді. 2011 жылы Белорусия ұлттық құрамасымен ойнап, ұлттық құрамадағы мансабын тоқтатады. Үш жылдық үзілістен кейін 2014 жылы Қазақстанның ұлттық құрамасына қайта келеді.

Алғашында «Елім-ай» клубында ойнаған ол 1998 жылы алғашқы алтынын жеңіп алды. Кейіннен «Ертіс», «Ростсельмаш», «Аста «Қайрат» клубтарында ойнады.

Құрамы командасында алғашқы ойыны 2000 жылы наурыздың 31 -інде Иордания командасымен өтті.

Қазақстан Ұлттық құрамасында 62 ойын өткізіп, 2 доп соққан.

Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізу жағынан Руслан Балтиевтен кейінгі екінші орында.

Ұлттық құрамадағы алғашқы добын 2007 жылдың қыркүйегінде Бельгия құрамасына соқты.

2011 жылы Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтыны жайлы шешiм қабылдады.

2014 жылы Ұлттық құрамаға қайта оралды.

ЕВРО-2016 iрiктеу додасының аясында, Түркияға қарсы өткен ойында, Самат өзiнiң құрама сапындағы 2-шi голын соқты.

2007 жылы «Ақтөбе» клубына ауысты. «Ақтөбе» алты дүркін Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Клубтық есепте Қазақстанның алты дүркін чемпионы (1998, 1999, 2004, 2007, 2008, 2009 ), екі дүркін күміс (2003, 2010), екі дүркін жүлдегері (2002, 2005).

Екі мәрте Қазақстан кубогының (2002, 2008), екі мәрте Қазақстан суперкубогының иегері (2008, 2010).

Қазақстан кубогының екі мәрте финалисі (2004, 2005).

Жеке есепте Қазақстанның үздік футболшысы (2003, 2004, 2005, 2007, 2008, 2009).

Қазақстан Футбол федерациясының версиясы бойынша үш мәрте Қазақстанның үздік футболшысы (2004,2007,2008).

«COAL» газетінің версиясы бойынша үш мәрте Қазақстанның үздік футболшысы (2007,2008).

«РRO Спорт Казахстан» газетінің версиясы бойынша екі мәрте Қазақстанның үздік футболшысы (2007,2008).

«Караван» газетінің версиясы бойынша Қазақстанның 2007 жылғы үздік футболшысы .

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.250