2501963 жылы 18 қарашада Семей облысының Жарма ауданына қарасты Георгиевка ауылында дүниеге келген.

Қазақ халқының біртуар балуаны.

1988 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын, 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді бітірді.

1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Денешынықтыру жэне спорт комитетінде қызмет істеді.

1992 жылдың қаңтарынан 1994 жылдың қаңтарына дейін «Дәулет» республикалық кәсіби-спорттық клубының президенті болды.

1993 жылдың қаңтарынан Қазакстанның грек-рим күрескерлер құрама тобына жаттықтырушылық етті.

  • жылдың қаңтарында ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды.

1995 жылдың наурызынан Қазақстанның грек-рим күрескерлер құрама тобының бас жаттықтырушысы.

1995 жылдың желтоқсанынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі, төрағасы болды.

2000 жылдың мамырынан ҚР Туризм және спорт агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

2004 жылдан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің спорт мәселелері жөніндегі комитетіне басшылық етті.

«Грек-рим стиліндегі жоғары білікті балуандар дайындауды оңтайландыру» (1998), «Грек- рим стиліндегі жоғары білікті күресшілерді дайындау жүйесін жетілдіру» (1999) кітаптарының авторы.

Түрлі басылымдарда туризм және спорт туралы көптеген мақалалары жарық көрген.

Грек-рим күресінен 15 рет ірі халықаралық турнирлердің бас бәйгесін жеңіп алды.

Иван Поддубный құрметіне өткізілген жоғары деңгейлі жарыстың жеңімпазы.

  • жылғы әлем кубогының иегері.

1987 жылғы Еуропа чемпионы.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

  • жылғы Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері.
  • жылғы әлем чемпионы.
  • жылғы әлем кубогының иегері.
  • жылғы КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы.
  • жылы өткен Барселона Олимпиадасының қола жүлдегері.
  • жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
  • жылғы XII Азия ойындарының жеңімпазы.

1995 жылғы Азия чемпионы.

КСРО-ның жеті дүркін чемпионы.

КСРО спорт шебері.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

ҚР Күрес федерациясының Құрметті президенті.

2006 жылы Бірлескен күрес стильдері халықаралық федерациясының (FILA) Конгресс бюросына мүше болып сайланды.

ҚР Құрметті спорт қайраткері.

КСРО және Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

  • жылдан педагогика ғылымдарының кандидаты.
  • жылдан Туризм жэне спорт академиясының профессоры.

Қазақ денешынықтыру институтының Кұрметті профессоры (1998).

РФ Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық сақтау академиясының академигі (2005).

 

Әдебиеттер:

1.Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана:

Фолиант, 2011. – Б.255

2.Досмұхамбетов Т Нағыз балуан / Т Досмұхамбетов // Дала мен қала. – 2011. – 19 қыркүйек. –  С. 15

3.Тұрлыханов Д. Қазақша күрестің әлемдік деңгейге шығуы үшін әлі талай тер төгуге тура келеді / Д. Тұрлыханов ; сұхбат. К. Кәкісұлы  // Дидар. – 2012. – 25 мамыр. – Б. 12.