«БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалының директоры

Бала кезімде мені ертегілер, батырлар жыры қатты қызықтыратын. Ал есейе келе оқыған кітабым Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы. Жалпы мектепте жүргенде қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын майын тамызып оқитынмын. Түнімен кітап оқып, таңертең сабаққа баратынмын. Әлі есімде жазғы каникул кезінде әкемнің апайының үйіне баруға асығатынмын, өйткені, ол үйде кітап өте коп болатын. Қазір М.Әуезовтың «Абай жолы» романын қайта оқып жатырмын. Кәсіби кітаптарды көп оқимын. Д.Корнегидің кітаптарын міндетті түрде қайталап оқып отырамын. Жастарға қарым-қатнас психологиясына байланысты кітаптарды көп оқуға ұсыныс берер едім. Иә, келешек ұрпақ кітап оқудан тыс қалмау керек. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап.