М. Қарпықұлы фотоМ.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.

Балалық шағымда Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа» сияқты еңбектері менің сүйікті кітаптарым болды. Сол сияқты Д.Ф.Купердің «Последний из могикан», «Следопыт», «Зверобой» романдарын, В. К. Арсеньевтің «Дерсу Узала» кітаптарын қызыға оқыдым. М.Әуезовтың «Абай жолы» романы, С.Мұқановтың «Өмір мектебі», М.Шолоховтың «Тынық Дон», Л.Толстойдың «Война и мир» сияқты шығармаларлы жоғары бағалаймын.
Бұрын, қазіргі ақпарттарды тарату технологиясы дамымаған кезде, адамдар негізгі білімді, деректерді кітаптан алатын. Кітапқа деген адамда ерекше сүйіспеншілікте болды. Қазір студенттер интернеттен керек ақпаратын алады. Мойын бұрып кітап оқуға ынтасы жоқ. Оған себеп жылдам өтіп жатқан өмір, технологиялық даму.

Жастарға М.Әуезовтың «Абай жолы», Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен тер», І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Каһар», «Мөлдір махаббат» сияқты қазақтың классикалық көркем әдебиетін оқуды ұсынамын. Бұл шығармаларда біздің рухани болмысымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз және т.б. көрініс тапқан. Бұл еңбектер қазақ тілінің
Кітаптың болашағы бар, аумағы, қызмет көрсету деңгейі тарылар, бірақ адамзаттың пайдаланатын құралы болып қала бермек.