Орал Тоқтарұлы фотоХалықаралық «Қазақ тілі» қоғамының (Шығыс Қазақстан және Солтүстік өңір бойынша) вице- президенті

Балалық шағымдағы сүйікті кітаптарым – Б.Соқбақбаевтың «Менің атым Қожа», А.Гайдардың «Тимур және оның командасы» және «Чук пен Гек» атты шығармалары. Мектепте оқып жүргенде Жаңасемей ауданының Бөкенші ауылының кітапханасында әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым М.Қаратаевтың шығармалары көп болатын. Осы жазушының кітапханада бар барлық кітаптарын оқыдым, ал кейіннен тіпті іздеп жүріп, барлық шығармаларын қалтырмай оқып шықтым. Мұхаметжан Қаратаевтың кітаптары өміріме жылдар бойы сабақ болып, әлі күнге дейін әділетсіздікке төзбеуге бейім болуды үйретті. Қандай мәселеге болсын оған сын көзбен қарап, ақиқатты іздеп тұрамын. Қоғамдық сананы қалыптастыруда әдетке айландырып алдым. Бүгінгі тарих, бүтін тарих аңсағанымыз. «Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат дейтін Сұлтан Бейбарыс бабамыздың сөзіне тоқтар болсақ ізгіліктің алтын арқауын жалғап, қазыналы қоржынына салған өзіндік тарихи үлесі, олжасы: Тәбәрігі болар». Болашақ басы бүгіннен басталатын, ұрпақтар сабақтастығы Мәгілік Елдікке құлшындырысын!

Қазіргі жастарға Абайдың Қара сөздерін, М.Әуезовтың «Абай жолы» романын оқуды ұсынамын, біздің өңірдің жастары бұл кітаптарды міндетті түрде оқуы керек деймін. Жастар Абайдың Қара сөздерін өздерінің бойтұмарындай ұстап, ондағы әрбір сөзді қажетінше әр салаға пайдалануы керек деп ойлаймын. Себебі ұлылардың мекенінде өскенкендіктерінің куәсі ретінде әр жас жауапкершілікті сезінуі қажет. Жерді, елді сүюді рухы биік батыл да, батыр ер Қабанбай туралы деректерді оқып, саналарыңа мәңгілік сақтаңыздар!

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы білім министрі болған Ержан Мамбетқазиевтің «Ректор – совесть вуза» кітабын бірнеше рет оқып шықтым. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы мен тарихшылардың және мұрағаттардағы алаш арыстары жайлы материалдарды қарап салыстыра оқып жүрмін. Осының бәрі «Мәңгілік Елдің» жолына түсудің бағыты іспеттес дер едім.

«Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда,
Қапы қалып жүрмелік», деп қазір уақыттарыңыз бар болып тұрған кезде кітап оқыңыздар!