Ертаев Бақытжан ЕртайұлыЕртаев Бақытжан 1952 жылы туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген (1985). Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы Әскери академиясында оқыған (1996). 1973-1980 жж. – мотоатқыштар взводы, рота командирі.
1980-1982 жж. – Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент құрамында мотоатқыштар батальоны штабының бастығы – командирінің орынбасары, 66-шы жеке мотоатқыштар бригадасында және 68-шы мотоатқыштар дивизиясының 188-шы мотоатқыштар полкында батаольон командирі болып табылды.
1982-1985 жж. – М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы.
1985-1992 жж. – Кеңес әскерінің Германиядағы тобында 35-шы мотоатқыштар дивизиясы полк командирінің орынбасары, полк командирі.
1992 ж. – Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаннан бастап Казақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінде әскери қызмет өткерген.
1992-1997 жж. – 97751-ші әскери бөлімінің командирі.
1996-1997 жж. – 1-ші әскери корпустың командирі.
1997-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы.
1999 жылғы тамыздан бастап 1999 жылғы 13 қазанға дейін Қорғаныс министрінің міндетін атқарған.
2000-2002 жж. – Шығыс әскери округі әскерлерінің колбасшысы.
2002 жылғы қаңтар-қырқүйекте – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясының бастығы.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ҰҚШҰ әскери ынтымақтастығын үйлестіру штабында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі.
2003-2005 жж. – Жауынгерлік даярлық жөніндегі құрлық әскерлері қолбасшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық жөніндегі бас басқармасының бастығы.
2005-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының Жауынгерлік даярлықты бақылау мен ұйымдастыру жөніндегі генерал-инспекторы.
2008 -2011 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жауынгерлік даярлық жөніндегі штаб бастықтары комитетінің төраға орынбасары.
2009–2011 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының бастығы.
2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Халық қаһарманы» құрмет атағымен, «Отан», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқада жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталған.
2013 жылы 15 тамыздағы Семей қаласы әкімінің шешімен Ертаев Бақытжан Ертайұлына Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Әдебиеттер:

1. Елі ерін ардақтады // Ертіс өңірі. – 2013. – 18 желтоқсан. – Б. 1
2. Жанатұлы Е. Аңсаған арманға қол жеткен күн // Семей таңы . – 2013. – 20 желтоқсан. – Б. 1
3. Жанатұлы Е. “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына -20 жыл // Семей таңы . – 2012. – 30 қараша. – Б. 2
4. Мұратқалиұлы Ж. Отан – ортақ үйіміз // Семей таңы. – 2016. – 22 шілде. – Б. 1
5. Омаш А. Бақытжан Ертаев семейліктермен жүздесті // Ертіс өңірі . – 2016. – 27 шілде. – Б. 5