Жанбырбаев Абылкасым ЖаксылыкулыӘбілқасым Жаңбырбаев 1927 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді. 1934 жылы қаладағы №16 метепте оқыды. Хор үйірмесіне қатысып, гармонда шебер ойнаған талантты жас болды.
Абай ауданының тумасы Әбілқасым Жаңбырбаевтың балалық шағы ашаршылық жылдарына дәл келді. Сол зобалаң жылдары екі туыс үйдегі жеті баладан жалғыз өзі ғана аман қалды. Басқа балалар аштықтан қайтыс болды.
Әкесі баласының өнерге деген бейімділігін байқап, бес жасында гармон сатып әпереді, халық музыкасын үйретеді. Кейіннен қалаға көшіп келгеннен кейін де концерттерге барып жүреді.
1942 жылы Семей облыстық музыкалы драма театрына қабылданып, құрмет демалысына шыққанға дейін жемісті қызмет етіп, күрделі рольдерді аса шеберлікпен сомдады. Мұнда ол «Жалбырдағы» молданы, Сырым мен Кебекті, «Ақан сері-Ақтоқтыдағы» Науанды, «Қозы Корпеш – Баян сұлудағы» Қарабай, «Комиисар Ғаббасовтағы» Сабыржан, «Шыңғыс хикаясындағы» Рамазан, Ленин т. б. бейнелерді сомдады. Әбекең сахналық өмірінде үлкенді-кішілі 330-дей роль ойнады, соның әр қайсысы бір мектеп болды.
1958-1973 жылдар аралығында «Қан мен тер», «Жаушы», қырғыз фильмі «Толқын жағада өледі» деген киноларға түсті. Әртістікпен қатар режиссерлық қызметті қатар алып жүрді. С Адамбековтың «Аюбайдың ажалы», А.Шамкеновтың «Адасқан қазы», Б.Мұқаевтың «Қош бол, менің ертегім» т.б. қойылымдарын қойды.
“Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдардың иегері Әбілқасым Жаңбырбаев 2002 жылы Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Әдебиеттер:

1. Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна . – Алматы: Қазақпарат, 2004. – 760 б.
2. Қамбаров Ж. Сахнагер: (Халық әртісі Ә. Жаңбырбаевтың өмірі жайлы туралы
сыр) / Ред. К. Дәуменұлы, Д.Жұмабекқызы. // Семей қаласы, 1997.
***
3. Әбішева С. Мақсат биігі // Семей таңы. – 1983. – 4 август.
4. Әбішева С. Ленин ролін ойнаган актерлер // Мәдениет және тұрмыс. – 1977. – №
11. – Б. 6
5. Қамбаров Ж. Біздің Әбекең // Семей таңы. – 2002. – 20 желтоқсан.
6. Кеңесқызы 3. Өнерлінің өрісі кең: (Әртіс Ә. Жаңбырбаевтың шығармашылығы туралы) // Семей таңы. – 1997. – 29 наурыз.
7. Мұқаметқаликызы А. Театр тарланы // Ертіс өңірі. – 2005. – 12 мамыр. – Б. 29