Ибраев Қамза ТөкешұлыҚамза Ибраев – отставкадағы генерал-майор, «Бипэк Авто Қазақстан» бас директорының орынбасары. Ол бұрыңғы Семей облысының Аягөз қаласында 1953 жылы туған. Білімі жоғары, Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу қаласындағы КСРО ҰҚК-нің жедел құрамасын дайындаудың жоғары курсын тәмамдады.
Еңбек жолын Аягөз қаласында автобекетте жұмысшы, жүргізуші боп бастады. Оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан және Алматы теміржол саласында жетекші топтарда түрлі қызметтер атқарды. Қарулы Күштер қатарына шақырылып, өз жауынгерлік міндетін өтеді. 1981 жылдың ақпан айынан ҰҚК органдарында қызметте.
1984 жылдың маусым айынан мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. ҰҚК органдарындағы қызметі кезеңінде жедел-қызметтік іс-қимылын жетілдіру ісіне кәсіби тәжрибелі маман ретінде үлес қосты.
2006 жылдың 8 маусымынан – ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті -полковник. «Айбын» екінші дәрежелі орденімен марапатталған. «ҚР ҰҚК құрметті қызметкері» және «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері т.б. түрлі мемлекеттік, ведомстволық медальдармен марапатталған.
2016 жылы 29 қарашада Семей қаласы әкімінің шешімімен Ибраев Қамза Төкешұлына «Семей Қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

Әдебиеттер:

Омаш А. Ел ырысын еселегендер // Ертіс өңірі. – 2016. – 14 желтоқсан. – Б. 1,7