Ильматов Ром ХасановичИльматов Ром 1936 жылы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде дүниеге келген. Грек-рим күресінен спорт-шебері (1959). 1957-1958 жылдары «ТР» еркіті спортшылар қоғамында шәкірт тәрбиеледі.
Семей мал дәрігерлік институтының дене тәрбиесі кафедрасының жаттықтырушы-оқытушысы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті болды. 1975 жылы Қазақ КСР-нің 1981 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.
Атақты балуан, Олимпиада ойындарының қазақ халқынан шыққан тұңғыш чемпионы Ж.Үшкемпіровтың бапкері. 1999 жылы Семей қаласының әкімі шешімімен «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002).

Әдебиеттер:

Ильматов Ром // Шығыс Қазақстан: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолинат, 2011. – 218 б.